Мәжіліс тарихы

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Сенат пен Мәжіліспен тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», – деп атап көрсеткен.

Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті.

Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік практикада қабылданған парламентаризмнің қағидаттарына сай болды. Ең бастысы, Қазақстанда қос палаталы Парламентті құру қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

І сайланымдағы Мәжіліс сол кездері Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын
67 депутаттан тұрды.

1998 жылға қарай елде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалар тұрғысында, Конституцияға қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Палаталардың өкілеттіктері, депутаттық корпусты қалыптастыру тәртібі өзгерді, әрі Парламенттің өкілеттіктері, әрі депутаттық мандаттардың саны да ұлғайтылды. Енді Мәжіліс 77 депутаттан тұратын болды. 67 депутат бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 10 депутат партиялық тізімдер негізінде сайланды.

2007 жылғы саяси өзгерістер елімізді жоспарлы дамытудың заңды қорытындысы болды. Реформа президенттік басқару нысанын кейіннен президенттік-парламенттік басқару нысаны етіп өзгертуге жағдай жасады.

2007 жылы енгізілген түзетулерге сәйкес Мәжіліс партиялық тізімдер бойынша қалыптастырылатын болды.

Бүгін Мәжіліс 107 депутаттан тұрады, олардың 98-і партиялық тізімдер бойынша саяси партиялардан және 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.

Бұл форматта IV, V және ағымдағы, VI сайланымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары сайланды.

БІРІНШІ САЙЛАНЫМ

(1996-1999 ж.ж.)

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды.

Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды.

Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.

Депутаттық корпуста жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. 4 парламентарий уақытша жұмыс істемеген. 11 депутат - аграрлық салада, 3 депутат мәдениет саласында жұмыс істеген. Екі депутат құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған.

Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді.

Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды.

Бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

ОСПАНОВ Марат Тұрдыбекұлы. 1949 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Г.Плеханов атындағы Мәскеу халықшаруашылық институтын бітірген, экономика ғылымдарының докторы.

1971-1990 жылдары ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан. 1990-1994 жылдары - он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформалар, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, Бас мемлекеттік салық инспекциясы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бірінші орынбасары - Бас мемлекеттік салық инспекциясының бастығы. Он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары болып сайланды. 1995 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шетел капиталын пайдалану жөніндегі Комитеттің төрағасы.

1995 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Мәжіліс депутаты, 1996 жылғы қаңтардан - бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы. 1999 жылдың күзінде екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып «Отан» Республикалық саяси партиясының тізімі бойынша сайланған.

Бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ОСИПОВ Василий Иванович. 1939 жылы Талдықорған облысы Қапал ауданындағы Арасан селосында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1966-1992 жылдары халыққа білім беру саласында, партия және кеңес органдарында жұмыс істеген. Халық депутаттары кеңесінің Ақсу және Андреев аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы Андреев аудандық комитетінің бірінші хатшысы және Талдықорған облыстық комитетінің екінші хатшысы болған. 1992-1995 жылдары Гвардия ауданы әкімшілігінің басшысы, Талдықорған облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары болып істеген. 1995 жылғы желтоқсаннан бастап - Мәжіліс депутаты, 1996 жылғы 30 қаңтардан - бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

ЕКІНШІ САЙЛАНЫМ

(1999- 2004 ж.ж.)

1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді.

Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтарда 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді.

Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды.

Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйелдер, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әртүрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды.

Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б болды.

Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

ТҰЯҚБАЙ Жармахан Айтбайұлы. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Ф.Энгельс атындағы ұжымшарда туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымының кандидаты.

1971-1977 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген. 1978-1981 жылдары партиялық жұмыстарда болды. 1981-1995 жылдары Қазақ КСР прокурорының орынбасары, Маңғышлақ облысының прокуроры, Гурьев облысы прокурорының орынбасары, содан соң прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып жұмыс істеді. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланды.

1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетін басқарды. 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор болып жұмыс істеген. 1999 жылдың күзінде Мәжіліс депутаты, ал сол жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасарлары

КӨПЕЕВ Мұхамбет Жұманазарұлы. 1949 жылы Жезқазған облысының Рудник кентінде туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1972-1976 жылдары – Жезқазған шахтабұрғылау трестінде шахтаның тау-кен шебері, комсомол комитетінің хатшысы. 1976-1991 жылдары – партия және кеңес жұмыстарында болған. 1991-1995 жылдары Қаражал қалалық әкімшілігінің басшысы – Жәйрем-Атасу жиынтық экономикалық аймақтың әкімшілік кеңесінің төрағасы болды. 1995-1999 жылдары – бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 1999 жылы Мәжіліс депутаты, екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Депутаттық өкілеттіктерін 2004 жылдың қазанында тоқтатты.

Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович.

1952 жылы Қазақ КСР Целиноград облысының Шортанды кентінде туған. Куйбышев жоспарлау институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1973 жылы инженер-экономист болып бастаған. 1975-1991 жылдары комсомол, партия және кеңес жұмыстарында болды. 1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары болған. 1993-1999 жылдары қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеді. 1999 жылы екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды. 2004 жылдың қазанында екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

ҮШІНШІ САЙЛАНЫМ

(2004-2007 ж.ж.)

Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.

Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды.

67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды.

10 депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.

Сайланған парламентарийлердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.

Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық депутаттар жоғары білімді болды.

28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы болды.

Парламентарийлер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.

Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. болды.

37 парламентарий екі жоғары оқу орнын бітірген.

Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өскен. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.

Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

МҰХАМЕДЖАНОВ Орал Байқонысұлы

1948 жылы Қостанай қаласында туған. Новосибирск кооперативтік сауда институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1971-1975 жылдары Қостанай қаласында облыстық тұтынушалар қоғамында, мәуіті-шұға комбинатында жұмыс істеген. 1975-1992 жылдар аралығында әртүрлі лауазымдарда комсомол және партия органдарында, Торғай облысы Халық депутаттары облыстық кеңесінде еңбек еткен. 1992-1994 жылдары Торғай облысы Амангелді ауданы Әкімшілігінің басшысы болды. 1994 жылы он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1995-1997 жылдары - Қазақсан Республикасы Үкіметі Аппараты Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 1997-2004 жылдары Қазақсан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде инспектордан бастап Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісіне дейінгі еңбек жолынан өтті. 2004 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, 2004 жылғы қарашада үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович

1952 жылы Қазақ КСР Целиноград облысының Шортанды кентінде туған. Куйбышев жоспарлау институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1973 жылы инженер-экономист болып бастаған. 1975-1991 жылдары комсомол, партия және кеңес жұмыстарында болды. 1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары болған. 1993-1999 жылдары қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеді. 1999 жылы екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды. 2004 жылдың қазанында екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

2004 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, 2004 жылғы қарашада үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Сайланғанға дейін екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының қабылдануына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда өз қызметін аяқтады.

ТӨРТІНШІ САЙЛАНЫМ

(2007-2011 ж.ж.)

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда өтті.

Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамыздағы сайлауда 7 проценттік барьерді тек «Нұр Отан» Республикалық Халықтық-Демократиялық партиясы ғана еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Палатадағы 9 орын Қазақстан халқы ассамблеясы 2007 жылғы 20 тамызда сайлаған депутаттарға берілді.

Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан – 39 депутат, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан – 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.

Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктілігі бар инженерлер – 42, заңгерлер – 34, бір бөлігі басқа бейін бойынша екінші жоғары білім алған педагогтар басым – 23 депутат. 21 депутаттың – экономикалық білімі, 9-ның ауыл шаруашылық білімі болды.

Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет пен өнер және басқа да мамандықтар қызметкерлері болды.

Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты жұмыс істеді, 35 парламентарийдің екі жоғары білімі болды.

Палатада әр түрлі ұлттардың өкілдігі кеңейді. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балқар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді.

Әйелдердің саны екі еседен астам артты – 17 депутат.

Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

МУСИН Аслан Есболайұлы

1954 жылы Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономист.

Институтты бітіргеннен кейін Ақтөбе облыстық статистика басқармасы есептеу орталығы тобының экономисті, меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1976-1978 жылдары әскер қатарында болды. 1979 - 1991 жылдар аралығында партиялық жұмыста қызмет істеді. 1991 - 1993 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік монополияға қарсы комитеттің төрағасы. 1993 - 1995 жылдары - Ақтөбе облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, облыстық экономика басқармасының бастығы.

1995 - 2002 жылдары - Ақтөбе облысының әкімі, 2002 - 2006 жылдары - Атырау облысының әкімі.

2006 жылғы қазан айынан бастап – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2007 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2007 жылғы тамызда - Мәжіліс депутаты болып, осы жылдың қыркүйек айында төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

МҰХАМЕДЖАНОВ Орал Байғонысұлы

1948 жылы Қостанай қаласында туған. Новосибирск кооперативтік сауда институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1971-1975 жылдары Қостанай қаласында облыстық тұтынушылар одағында, мәуіті-шұға комбинатында жұмыс істеген. 1975 – 1992 жылдар аралығында комсомол және партия органдарында әртүрлі лауазымдарда, Торғай облысы Халық депутаттары облыстық кеңесінде еңбек еткен. 1992 – 1994 жылдары Торғай облысы Амангелді ауданы Әкімшілігінің басшысы болды. 1994 жылы он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1995 – 1997 жылдары – Қазақсан Республикасы Үкіметі Аппараты Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 1997 – 2004 жылдар аралғында Қазақсан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде инспектордан бастап, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі еңбек жолынан өтті. 2004 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2004 жылғы қараша – 2007 жылғы маусым аралығында – үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2007 жылғы тамызда төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты болып сайланды, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі, палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды. 2008 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович

2007 жылғы тамызда - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, 2007 жылғы қыркүйекте төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Сайланғанға дейін үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2010 жылғы наурызда депутаттық өкілеттігін тоқтатты.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ЖҰМАҒҰЛОВ Бақытжан Тұрсынұлы

1953 жылы Талдықорған облысының Қапал ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Математик, заңгер, физика-математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Еңбек қызметін ауыл мектебінің мұғалімі болып бастады, одан кейін ҚазМУ-де - комсомол комитетінің хатшысы, партком хатшысының орынбасары, доцент, проректор, 1992 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1991 – 2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы президиумының ғалым-хатшысынан бастап президетіне дейінгі лауазымдарды атқарды. 2001 жылдан бастап білім және ғылым бірінші вице-министрі, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап - «Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, 2005 жылдан бастап партия төрағасының міндетін атқарушы болды.

2007 жылғы тамызда - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, 2007 жылғы қыркүйекте төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Депутаттық өкілеттігін 2008 жылғы сәуірде тоқтатты.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

КӘРІБЖАНОВ Жәнібек Сәлімұлы

1948 жылы Омбы облысы Шарбақкөл ауданының Айбас ауылында туған. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, ғалым агроном-экономист мамандығын алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметін 1971 жылы бастады. Омбы ауыл шаруашылығы институтының аға инженері, аға экономисі, ассистенті, Мәскеудегі Бүкілодақтық кибернетика ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1982 жылдан бастап кеңшар экономисі, директоры, Қазақ КСР Торғай облыстық агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек етті.

1987-1989 жж. – Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік және экономикалық дамуын жоспарлау бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары – Қазақ КСР-нің министрі.

12-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

1989-1993 жж. – Қазақстан Компартиясы ОК аграрлық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы ОК аграрлық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі аппаратының қаржы және еңбек бөлімінің меңгерушісі, Көкшетау облыстық әкімшілігінің басшысы.

1993-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001-2007 жылдары дипломатиялық қызметте – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Монғолиядағы, Корей Халықтық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2007-2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2008 жылғы 14 мамырда «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясынан тізім бойынша депутаттыққа кандидат бола отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

БОБРОВ Владимир Яковлевич

1953 жылы РКФСР Свердлов облысының Краснотурьинск қаласында дүниеге келді. Павлодар индустриялық институтын аяқтады. Инженер-электрик, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек қызметін 1975 жылы Павлодар индустриялық институтынында ассистент болып бастады, кейіннен осы жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып істеді.

1989 жылдан бастап өндірістік қызметте. Павлодар қаласындағы «Электрортазмонтаж» трестінде сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы, бас инженер, бас директордың орынбасары, «Қазэнергокабель» ЖАҚ Басқармасының төрағасы – бас директоры лауазымдарын атқарды. Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

2004 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы маусымға дейін – үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы сәуірге дейін төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2010 жылғы сәуірде төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады.

БЕСІНШІ САЙЛАНЫМ

(2012 - 2016 ж.ж.)

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда қалыптастырылды.

Бесінші шақырылымда конституциялық нормаларға сәйкес 2008 және 2011 жылдары сайланған, 2007 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған Сенат депутаттарының өкілеттіктері жалғастырылды.

Парламент Мәжілісінің сайлауына жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі қорытынды нәтижелер бойынша сайлаушылар даусының 7%-дан астамын жинады және Парламент Мәжілісіне: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (7,47%), Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (7,19 %) өтті.

Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан – 9 депутат. Мәжіліс құрамында барлығы 107 депутат бар.

Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 43 депутаты кірді.

Палатада білімі бойынша біліктілігі әртүрлі инженерлер бар, олар – 30 депутат, педагогтар – 21, заңгерлер – 13 депутат. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 10.

Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскерилер, журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері және басқа да мамандық иелері бар.

Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы мен 27 ғылым кандидаты бар, 60 парламентші екі жоғары білім алған.

Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс, өзбек және ұйғыр кірді. 26 депутат - әйел адам.

Бесінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 56 жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 жастан 59 жасқа дейінгі депутаттар құрайды, олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін 40 жастан 49 жасқа дейінгі депутаттар – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас аралығындағылар – 4 депутат.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН сайланды. Өкілеттігін 2014 жылғы сәуірде тоқтатты.

2014 жылғы сәуірде бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ сайланды.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық шығаруына байланысты 2016 жылғы 20 қаңтарда тоқтатты.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы

1962 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды.

1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары - «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынының президенті.

1995-1999 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық- Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқаруда.

«Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Ағылшын тілін меңгерген.

Үйленген, үш баласы және немересі бар.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович

Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Шортанды елді мекенінде 1952 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келді. Куйбышев жоспарлау иститутынын (1973) экономист мамандығы бойынша; Алматы Жоғары партия мектебін (1987) бітірді.

Саяси ғылымының докторы. Қазақстан Республикасы Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі.

Еңбек жолын 1973 жылы Пенза облысы Кузнецк қаласындағы аспаптық жабдықтау және конденсаторлар зауытында инженер-экономист болып бастады.

1973 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарына әскери қызметке шақырылды.

Әскери қызметтен соң туған елі Қазақстанға қайта оралады. Он жыл көлемінде Шортанды аудандық комитетінің нұсқаушысы қызметінен Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің екінші хатшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.

1985-1991 жылдары аралығында - Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы және сонымен қатар (1990 жылдан бастап) халық депутаттары Көкшетау қалалық кеңесінің төрағасы болды.

1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы туризм, дене тәрбиесі және спорт министрінің орынбасары болды.

1993 -1999 жылдар аралығында қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеді.

1999 және 2005 жылдарда өткен Мемлекет басшысын сайлау науқандарында Алматы қаласы бойынша Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды.

1999-2004 жылдар аралығында – екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2004-2007 жылдар аралығында – үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004 жылдың қараша айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

2007-2009 жылдар аралығында – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

2010 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі.

«Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежілі «Достық» ордендерімен, ТМД-ның «Достастық» орденімен, сегіз медальмен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасылы. Үш бала тәрбиелеген, үш немересі бар.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахатдинұлы

Б.С.Ізмұхамбетов 1948 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Деңгіз ауданында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының Докторы.

1971-1991 жылдары «Ембі мұнай» бірлестігінің Прорвынская бұрғылау конторында, «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында, шетелдік іссапарда Кеңес мұнай барлау экспедициясында жұмыс істеді.

1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы лауазымын атқарды.

1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ басқармасының бастығы болып істеді.

1993 және 2003 жылдар аралығында - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңгіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.

2003 жылдың желтоқсанынан 2006 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі.

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі.

2007-2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды.

«Құрмет» орденімен, II деңгейдегі «Барыс», I деңгейдегі «Ұлы Петр» (Ресей), «Еңбегі үшін» (Украина) ордендерімен марапатталған.

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі баласы, үш немересі бар.

Депутаттық өкілеттігін 2012 жылғы қыркүйекте тоқтатты.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ЖАҚЫПОВ Қабиболла Қабенұлы

1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1972) тәмамдаған, инженер-құрылысшы; Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген, саясаттанушы;

Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Экология академиясының академигі. Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыс тану ғылымдары академиясының академигі.

Қосалқы авторлықпен құрылыс материалдары жөніндегі үш кітабы жарық көрді.

1972 жылдан бастап №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндірушісі, бас инженер, ПМК-811-дің бастығы қызметтерін атқарды.

1977-81 жылдары «Оралколхозқұрылыс» тресінде бас инженер болып еңбек етті.

1981 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары,

1983 жылдан – Орал қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1987 жылдан – Қазақстан Компартиясы Орал қалалық Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.

1989 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы.

1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті.

2001 жылдан – ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары.

2003 жылдан – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі.

2007 жылдан – «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Елімізге сіңірген еңбегі үшін «Парасат» (2009) және «Құрмет» (1999) ордендерімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ ұлтаралық келісімге сіңірген қызметіне орай Ресей Федерациясының ІІ дәрежелі «Даниил Әулие» ордені берілген. Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы.

2012 жылғы қаңтардан бастап- бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

Отбасылы. Екі бала тәрбиелеген, алты немересі бар.

АЛТЫНШЫ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2016-

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2016 жылғы 20 наурызда өтті. Сайлауға қатысқан алты партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Олар: «Нұр Отан» партиясы (82,20%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (7,18 %) және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (7,14 %).

«Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінде 84, «Ақ жол» партиясынан 7, Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан 7 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Алтыншы сайланған Мәжіліс құрамына алдыңғы шақырылымның 43 депутаты кірді. Жалпы депутаттық корпус 60 %- ға жаңарды.

Мәжілістің жаңа құрамында: ер адамдар – 78 (73%), әйел адамдар – 29 (27%).

Депутаттардың орташа жасы – 55 жас (2016 жылғы 31 наурыздағы күнге сәйкес). 40 жасқа дейін – 7 депутат, 40-тан 60-қа жасқа дейін – 77 депутат, 60 жастан асқандар – 23 депутат.

Мәжіліс депутаттарының 34-ы (32%) ғылым докторлары мен кадидаттары ғылыми атақтарына ие.

Мәжіліске дейін депутаттар әртүрлі салада еңбек еткен: мемлекеттік қызмет, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, білім, ғылым және т.б.

Мәжілістің ұлттық құрамында қазақтар, орыстар, украиндықтар, сонымен қатар әзірбайжан, армян, дұнған, кәріс, өзбек, ұйғыр, шешен және т.б. этностардың өкілдері бар.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Бақтықожа Салахатдинұлы ІЗМҰХАМБЕТОВ сайланды.

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахатдинұлы

1948 жылы 1 қыркүйекте Гурьев облысы Теңіз ауданында туған. Қазақ. Уфа мұнай институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы.

1971-1972 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінің Прорвынск бұрғылау конторында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы жұмыстарын атқарды.

1972-1973 жылдары - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында (ҚазГБҒМИ) бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері.

1973-1978 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық нормалау және еңбекті ғылыми ұйымдастыру жасағының бастығы.

1978-1983 жылдары - ҚазГБҒМИ зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары.

1983-1987 жылдары Йеменде, Аден қаласында Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері қызметінде болды.

1987-1991 жылдары - ҚГБҒМИ зертхана меңгерушісі, Атырау тәжірибие-әдістеме экспедициясының бас технологі, бастығы.

1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы, Мұнай және газ басқармасының бастығы.

1993-2003 жылдар аралығында - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2003-2007 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі, министрі.

2007-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2012 жылғы қаңтар-2012 жылғы тамыз аралығында - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

2012 жылғы тамыз-2016 жылғы наурыз аралығында - Атырау облысының әкімі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» (1999 ж.), II деңгейлі «Барыс» (2006 ж.), I деңгейлі «Ұлы Петр» (Ресей) (2006 ж.), «Еңбегі үшін» (Украина) (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2013 ж.) ордендерімен марапатталған. КСРО-ның Йемен ХДР-дағы елшілігінің Алтын кітабына есімі жазылған (1985 ж.).

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар.

Өкілеттігін 2016 жылғы маусымда тоқтатты.

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы

1962 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.

1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті.

1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдар аралығында – Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдар аралығында – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылғы 20 қаңтар – 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.

2014 жылғы 3 сәуір – 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

ИСИМБАЕВА Гүлмира Истайбекқызы 1957 жылы 23 тамызда туған.

Педагогикалық және заңгер білімі бар. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін, сондай-ақ заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған.

1990 жылғы сәуір – 1993 жылғы желтоқсан аралығында - он екінші сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының он екінші сайланымдағы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды және халықтың білім алуын дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы, комитет төрағасының орынбасары болған.

1993 жылғы желтоқсан – 2007 жылғы тамыз аралығында - Алматы қаласы Білім департаментінің директоры қызметін атқарған.

2007 жылғы тамыз – 2011 жылғы қараша аралығында – ІV сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

2012 жылғы қаңтар - 2016 жылғы қаңтар аралығында - V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - VІ сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

«Нұр Отан» Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізімі бойынша сайланған.

12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының авторы.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған, төсбелгі ұсыныла отырып Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин төсбелгісімен, «М.В. Ломоносов атындағы сыйлықтың лауреаты» медалімен, А.С. Пушкин медалімен, грамоталармен, Алматы қаласы Әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Отбасын құрған, ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

БОЖКО Владимир Карпович

Генерал-лейтенант Божко Владимир Карпович 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Мамандығы «Тау-кен жұмыстарын электрофикациялау және автоматизациялау»; «Жедел құрам».

1971-1973 жылдары КСРО КСРО Қарулы Күштерінде қызмет атқарды.

1973-1975 жылдары Алма-Ата электротехникалық зауытының слесарь-сантехнигі, инженері, аға шебері.

1975-1976 жылдары Минск қаласы КСРО МҚК жоғары курстарының тыңдаушысы.

1976-1989 жылдары ҚазКСР МҚК-ның жедел өкілі, аға жедел өкілі, 2-ші басқармасы бөлімшесінің бастығы, Инспекция инспекторы, 3-ші басқармасы бөлімінің бастығы.

1989-1991 жылдары МҚК Целиноград облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

1991-1993 жылдары Көкшетау облысы МҚК-ҚР ҰҚК басқармасының бастығы.

1993-1994 жылдары МҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы.

1994-1997 жылдары ҚР ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа, контрабандаға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бас басқармасының бастығы.

1997-1999 жылдары ҚР ҰҚК 2-ші Департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы

1999-2001 жылдары тау-кен фирмасының вице-президенті, оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры.

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

2007 жылғы қыркүйек-қараша аралығында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.

2014 жылдың 13 тамыз 25 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

2016 жылғы Парламент Мәжілісінің сайлауында Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Монографияның, 14 оқу-әдістемелік және практикалық құралдарының, 33 мақаланың авторы.