Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау жөніндегі заң жобасын қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа редакциясын екінші оқылымда қабылдады
Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» және оған ілеспе заң жобаларын, сондай-ақ «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру мен жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.Мәжіліс төрағасының орынбасары Азия әйелдері форумына қатысты
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Өзбекстанда өтіп жатқан Азия әйелдері форумына қатысты. Онда әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсілдер талқыланды.Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.