Бөлімнің негізгі міндеттері мен функцияларының қатарына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің халықаралық қызметін қамтамасыз ету кіреді, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, оның орынбасарларының, депутаттарының және Аппарат қызметкерлерінің парламентаралық және халықаралық қызметін ұйымдастырушылық-хаттамалық, ақпараттық-талдамалық және паспорттық-визалық қамтамасыз ету;
-парламентаралық ұйымдармен, шетел парламенттерімен Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпуспен өзара іс - қимыл жасауды қамтамасыз ету;
-Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі делегацияларының шетелге ресми және жұмыс сапарларын ұйымдастыру және шетел парламенттері мен парламентаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасына ресми және жұмыс сапарларын ұйымдастыру;
-халықаралық іс - шараларды ұйымдастырушылық - хаттамалық қамтамасыз ету.