Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
24.05.2024

Мәжілісте еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар халықаралық келісім қаралады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

23.05.2024

Қоғамдық палатада есірткі қылмысымен күрес туралы заң жобасы талқыланды

Бүгін Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның кезекті отырысы өтті.  Жиынға депутат Айдос Сарым төрағалық етіп, онда есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобалары талқыланды

22.05.2024

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәжіліс төрағасы Иран Президентімен қоштасу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Иран Ислам Республикасына жұмыс сапармен барды. Тегеранда Ерлан Қошанов Президент Ибрахим Раисидың қайтыс болуына байланысты көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысты.

22.05.2024

Депутаттар вандализм үшін жазаны қатайтатын заңды қабылдады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» және электромобиль инфрақұрылымын дамыту туралы заңдарды екінші оқылымда қабылдады.

21.05.2024

Қазақстан мен Түркия Парламентінің спикерлері Түркістанға барды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің спикері Нуман Куртулмуш түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына барды.

21.05.2024

Кәсіпкер қылмыстық жауапкершіліктен құтылғанымен әкімшілік жаза бар – Абзал Құспан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажеттігін айтқан-ды.

21.05.2024

«Қазақ тұлпары – халқымыздың өр намысының, асқақ рухының белгісі» – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлепті.

21.05.2024

Түркі елдері жеңілдетілген кеден дәлізін енгізіп, тауар айналымын арттырмақ

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді қарағалы отыр.

20.05.2024

Мәжіліске Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы келді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті.

20.05.2024

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Мәжіліс Парламенттің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады. Дәстүрлі байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.

17.05.2024

Мәжілісте 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің таныстырылымы өтті

Мәжілісте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы өтті. Жиынға Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева жетекшілік етті.  

17.05.2024

Қазақстан мен Ресей Парламент өкілдері екі ел арасындағы байланысты нығайту мәселелерін талқылады

Мәжіліске Астанада іс-сапармен жүрген Санкт-Петербор Заң шығару жиналысы делегациясы келді. Палата Төрағасының орынбасары Альберт Рау әріптестерімен кездесіп, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын талқылады.

17.05.2024

Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау жөніндегі заң жобасын қарайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

15.05.2024

Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа редакциясын екінші оқылымда қабылдады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» және оған ілеспе заң жобаларын, сондай-ақ «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру мен жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

14.05.2024

Мәжіліс төрағасының орынбасары Азия әйелдері форумына қатысты

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Өзбекстанда өтіп жатқан Азия әйелдері форумына қатысты. Онда әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсілдер талқыланды.

14.05.2024

Мәжілісте Қазақстан мен Халықаралық Қызыл крест комитеті арасындағы өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды

Мәжіліс депутаттары Юлия Кучинская, Гүлдара Нұрымова, Ирина Смирнова және Үнзила Шапақ Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өңірлік директоры Ариан Бауэрмен кездесті.

10.05.2024

Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын II оқылымда қарайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

09.05.2024

Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

06.05.2024

Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Жаслан Хасенұлы Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.

02.05.2024

Мәжіліс төрағасы Бас мүфтимен және Православие шіркеуінің басшысымен дін туралы жаңа заң жобасын талқылады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлын және Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдады.