Мен, Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы 1967 жылы 12 ақпанда Жамбыл ауылы, Бәйдібек ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
Қазақстан Республикасының азаматымын. 1973-1983 жылдар аралығында Жамбыл атындағы орта мектепті бітірдім.
1985-1987 жылдар аралығында Москва облысы, Одинцово қаласы, №25979 әскери бөлімшесінде Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім. Еңбек жолында 1983 жылы Бәйдібек ауданында арнайы мамандырылған мал бордақылау бірлестігінде жұмысшы болып бастадым. 1987-1992 жылдары Целиноград кейін Ақмола қаласында Ауыл шаруашылық институтында оқыдым. Мамандығым - инженер-электрик, екінші мамандығым - экономист.
Шымкент қаласында Қайнар университетінде сырттай оқыдым.
05-.1992-02.1993 ж.ж. Ақмола қалалық жастар істері жөніндегі комитет төрағасы.02.1993-10.1993 ж.ж. Алғабас аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 10.1993-02.1994 ж.ж. Алғабас аудандық ішкі саясат бөлімінінің бас маманы. 02.1994-08.1996 ж.ж. Алғабас аудандық жастар ісі спорт және туризм бастығы 08.1996-03.1998 ж.ж. "Жетіген" ЖШС-ның директоры. 03.1998-10.2002 ж.ж. Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары. 10.2002-05.2004 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік - мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі. 05.2004-01.2005 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының жастар ісі және ішкі саясат департаментінің директоры. 01.2005-09.2006 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының іші саясат департаментінің директоры. 09.2006-10.2007 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданының әкімі. 10.2007-08.2009 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі. 08.2009-01.2012 ж.ж. "Нұр Отан" ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облысының филлиалы төрағасының бірінші орынбасары. 01.2012-02.2016 ж.ж. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. 02.2016-07.2018 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 04.2018-12.2019 ж.ж. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі. 20.12.2019-27.03.2023 ж.ж. Сайрам ауданының әкімі.
Отбасылық жағдайым: үйленгенмін, 5 ұлым бар.