Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлы, 1975 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Мибұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

Білімі жоғары, 1997 жылы Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған Университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтады.

2022 жылы Қазақстан-Американдық еркін Университетін аяқтады. Біліктілігі - Іскери әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Анненск кенішінде күрделі құрылыс инженері болып бастап, жер асты тау-кен шебері, кейіннен учаске бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Әр жылдары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жастар одағы Төрағасы, «Жомарт» кеніші Кәсіподақ комитетінің Төрағасы қызметіне сайланды.

2010 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің өңірлік Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 – 2018 жылдары «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподағының Жезқазған филиалы Төрағасы болып еңбек етті.

2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың наурыз айына дейін «Адал Еңбек KZ» ЖШС-нің атқарушы директоры, кейін бас директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың 12 наурызынан бастап Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағының Төрағасы.

2016 жылдан бері Ұлытау ауданы, Мибұлақ селолық округының «Қаражар» шаруа қожалығының басшысы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалдарымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының Конфедерациясы төсбелгісімен, «ІІІ-дәрежелі Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Сәтбаев қалалық мәслихатының VI –шы шақырылымының депутаты.

Қарағанды облысы мәслихатының VII- ші шақырылымының депутаты.

Ұлытау облысы құрылған соң, Ұлытау облысы мәслихатының депутаты.

Ұлытау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Отбасылы, жұбайымен бірге 9 бала тәрбиелеп отыр.