Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1974 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары, дәрігер кардиолог.

Білімі:

– 1992-1998 жж – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, Емдеу ісі.

– 1998-2000жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, Кардиология.

– 2002-2007жж. – Халықаралық мамандықтар институты, Экономика.

– 2008 ж. – "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты", Кардиология мамандығы бойынша біліктілігін арттыру.

Еңбек өтілі (қызметі):

2000-2002 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, интерндерге арналған ішкі аурулар кафедрасының ассистенті

2003-2016 жж. – Ірі фармацевтикалық компаниялардың маркетинг бөлімі (Pfizer, Gedeon Richter, Zentiva, Sanofi, Actavis)

2014-2022 жж.– «Қазақстан балалары «Жастарды дамыту Алматы қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының президенті

2020-2023 жж. – «ҚАЗАҚСТАН АНАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» корпоративтік қорының директоры.

2023 жылғы 28 наурзынан бастап «Қазақстан Халық партиясының» партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан Халық партиясының» фракциясының мүшесі.

Семинар-тренингтер:

– «Табысты бизнес, тиімді сату»

– «Қатынастарды және келіссөздерді тиімді құру»,

– «Алматы бизнесін жеделдету бағдарламасы – 2021»,

– «Қазақстандағы әйелдер үшін саяси көшбасшылық».

Марапаттары және атақтары:

– Алматы қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы,
– «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауының жеңімпазы,

– Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан, Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар үйлерінің басшыларының атынан Алғыс хаттармен марапатталған.

Отбасы жағдайы: Жолдасы қайтыс болған, 11 бала тәрбиелеп отыр.