Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1989 жылы 4 сәуірде Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданы Токаревка ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2011 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дипломын алды.

2011 жылдың тамыз айынан бастап – «ХПП Анар» ЖШС жабдықтау жөніндегі менеджері;

2014 жылдың сәуір айынан бастап – «ХПП Анар» ЖШС коммерциялық директоры;

2018 жылдың ақпан айынан – «Аян Диірмендік-макарон комбинаты» ЖШС атқарушы директоры;

2020 жылдың тамыз айынан бастап – «AiZet Farms» ЖШС атқарушы директоры;

2021 жылдың қазан айынан бастап – «AiZet Farms» ЖШС бас директоры;

2023 жылдың қаңтар айынан бастап – «Астана Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі» өндірістік кооперативінің өндірістік мәселелер жөніндегі директоры;

2021 – 2023 жылдары Ақмола облысы мәслихатының VII шақырылымдағы «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша депутаты;

2023 жылғы 28 наурыздан бастап - VІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Үйленген, үш баласы бар.