Бапи
Ермұрат
Сейтқазыұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің

Депутатқа хат
Заңсыз жылыстатылған активтерді елге қайтару жөнінде

2023 жылы 6 желтоқсанда жарияланды

Қазақстан Республикасының

 Бас прокуроры

Б. Асыловқа


Қазақстан Республикасының

 Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару

жөніндегі комитетінің төрағасы

 Н. Сүйіндіковке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Сайланғанына осы қарашада бір жыл болған президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 7 жылдық құзіреті аясында атқарылуы тиіс программалық міндеті ретінде әлеуметтік әділеттілік орнату басты бір бағдарламалық бағыты болатынын алғашқы жолдауында жария еткені мәлім. Ал бұл президенттік парызды орындау – заңсыз жылыстатылған активтерді елге қайтаруға тікелей байланысты екенін де мемлекет басшысы өз аузымен айтты.

Міне осы аса ауқымды міндетті орындау үшін президент өз жарлығымен уәкілетті орган – Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрығанына кеше – 5 желтоқсанда екі ай болды. Сол екі айдың ішінде бұл Комитеттің іс-әрекеті жөнінде тырс еткен хабар жоқ. Комитеттің қызметінен Қазақстандық қоғам мақұрым. Сондықтан активтерді қайтару жөнінде заң қабылдаған депутаттардың Асылов пен Сүйіндіков мырзалардан мынау сұрақтардың жауабын білгісі келеді:

Ұрланған активтердің елге қайтарылуын бағып, қазынаға қанша қаржы түсерін бағып, сіздердің іс-әрекеттеріңізді аңдып отырған қоғам бар екенін ұмытпаңыздар! Ұрланған активтер елге қайтады деген халықтың әзірге үзілмеген үміті мен сенімін күл-парша қылуға сіздердің қақыларыңыз жоқ. Біз де оған жол бермейміз! Президенттің пәрменін, қызмет-қарымы мен ел алдындағы қоғамдық беделін бағамдайтын бүгінгі бір өлшем – ұрланған активтерді елге қайтару екенін сіздерге ескертіп қойғым келеді!

Ал енді Бас прокуратура мен оның Комитеті жым-жырт жатқан кезде, «ескі Қазақстанның» клептократтары ел экономикасын қайтадан басып алуға қам жасауда. Осы орайда менің қолыма жеткен инсайдерлік ақпаратты (көрсету) депутаттар алдында жария етіп, «ескі Қазақстанға» қызмет қылмақ ойы бар мүдделі лауазымгер азаматтарға ескерту жасағым келеді. Жекелеген фигуранттардың аты-жөнін атамай, бұл ақпаратты қаз-қалпыда оқып берейін:

«По информации надежных источников, продолжается борьба за влияние и контроль над газовой отраслью, ңоторая находится в центре внимания из-за долгожданных реформ, процессов демонополизации, преобразований и крупных прорывных проектов с «Газпромом» России и Китайской национальной нефтегазовой компанией. Таким образом, некогда неподступная газовая отрасль, которая многие годы находилась под контролем Кайрата Шарипбаева, теперь стала не только доступной для других новых «хозяев», но и очень привлекательной отраслью, с триллионными проектами. Такой «лакомный кусочек» теперь интересен всем, ведь такие проекты как вторая нитка Бейнеу-Бозой-Шымкент (более 2 триллионов бюджет), новые газоперерабатывающие проекты на Кашагане и Карачаганаке, дальнейшие модернизации газопровода Средняя Азия – Центр, новые фазы проекта Сарыарка, и т.д. влекут за собой особо крупные закупки, и новые транзитные потоки газа. Главным претендентом на роль «хозяйна» является  один из главных менеджеров «КазМұнайГаза», который является продуктом Т.Кулибаева.

По информации надежных источников этот менеджер продвигает кандидатуру Сериккали Брекешова (находится уже на серьезных этапах согласований) на позицию председателя нацкомпании «КазахГаз». С.Брекешов – креатура К.Шарипбаева (был заместителем и ближайшим соратником), который и дальше намерен котролировать газовую отрасль Казахстана.»

Міне, ұрланған активтерді елге қайтарады деп, біз сенім артқан Комитет ырғалып-жырғалып жүргенде, «ескі Қазақстанның» өзі бірте-бірте елге қайта бастаған сыңайлы.

Ал Берік Ноғайұлы, Тимур Құлыбаевтың атжалмандары ұрлаған акивтер жөніндегі ақпаратты сіздің өзіңізге қосымша жолдап жіберемін (көрсету). «СК Петролиум» серіктестігінен келіп түскен «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» концорциуымынан (директоры Талғат Жұмаділдаев пен оның ұлы Абылай Жұмаділдаевқұа қатысты) ұрланып, шетелге тығылған 300 млн доллар активті іздеп қиналмайтын боласыздар!   

Сөз соңындағы сұрағым: құрметті Берік Ноғайұлы және Нұрдәулет Мықтыбекұлы!

Жылыстатылған активтерді қайтару заңын қабылдаған депутаттардың алдында сіздер қашан есеп бермек ойларыңыз бар?   

Қосымша: 1 бетте.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Е. Бапи

Қ. Иса

А. Құспан

Д. Қасқарауов

А. Сарым