Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Денсаулық сақтау вице-министрінің қате жауабы туралы депутаттық сауал

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

А.Ш. Әлназароваға


            ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ақмарал Шәріпбайқызы!


13 наурызда «Ақ жол» фракциясы атынан медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіру жөнінде депутаттық сауал жолдаған болатынмын.

Сол сауалда біз, сақтандыру қорының тетіктерінің әділетсіз екендігін алға тарта отырып, нақты ұсыныстар жасағанбыз.

Атап айтқанда, жақында жарияланған төлемдерді 5 есе көтеруден бас тарту, сақтандыру жүйесін монополиясыздандырып, нарықтық және бәсекелестік жолға көшіру, шоттарды дербестендіру, әр азаматтың денсаулық жағдайы мен өмір салтына қарай сақтандыру сыйлықақыларын төлеу сомаларын айқындау әдістемесін әзірлеуді ұсындық.

Ертеңінде, яғни 14 наурызда, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында біздің ұсыныстарға комментарий беріп, министрліктің ресми жауабы берілмей жатып, депутаттық сауалдың нақты мәнін бұрмалап, онымен келіспейтінің мәлімдеді.

Осы бойынша, біздің депутаттар төлемдерді көтеруді ұсынды деп түсінуге болады. Біздің ойымызша, вице-министрдің бұндай шикі комментарий бергені, ықпалды Парламент пен есеп беретін Үкімет принципіне қарама-қайшы келеді деп білеміз. 

Ал біз, жоғарыда айтқандай, керісінше, қорға төленетін төлемдерді көтеруге қарсымыз. Оның үстінде, жекелеген есеп шоттарды еңгізіп, өз денсаулығына қарайтын, дене шынықтырумен айналыстатын, жаман әдеттері жоқ адамдарға сол төлемдерді азайтуды ұсындық.

Сонымен қатар, министр орынбасарының міндетті сақтандырудағы жеке шоттар тек Сингапур елінде ғана бар деген тұжырымы –өтірік ақпарат және ол қоғам арасында жалған пікір туғызды. Шын мәнінде, нарықтық, яғни дербес медициналық сақтандыруды барша дамыған мемлекеттер пайдалануда. Біздің сауалдағы басты идеямыз – міндетті түрде монополияландырылған модельден кетіп, шын нарықтық денсаулық сақтандыруға көшіру болатын. Бұндай тапсырма президент К.Тоқаевтың жолдауында да айталған.

Сондықтан, вице-министрдің айтқаны – шындыққа жатпайды, және де парламент пен үкімет арасындақы тәртіпке сай емес.

А, қазіргі кездегі қолданыстағы Медициналық қорға міндетті түрде алынатын алым жүйесі – шын мәнінде, ешқандай сақтандыру емес, бұл деген салықтың бір түрі. Вице-министр мырза өз жауабында дәл осы қисық жүйені жалғастыруды қолдады.

Оған қазіргі жағдай ұнайды екен, ал халықтан жиналған жүздеген миллиардтарды қазіргідей пайдалануға азаматтарымыз да, медицина мекемелері де наразы.

«Ақ жол» фракциясының пікірінше, бұндай алымдар сол Қордың менеджерлерімен жасырын түрде қолдананылмауы керек.

Міндетті төлемдер, яғни салықтар, бюджетке түсіп, қоғам мен Парламент бақылауында тұрып, ашық және әділетті қолдануға тиіс.

Оның үстінде, ресми жасалған депутаттық сауалға уәкілеттік мемлекеттік органның ресми жауабы берілмей тұрып, министр орынбасарының қарсы мәлімдемесі мемлекеттік қызметкерлер этикасына сай келмейтіндігін және ол қоғам арасында түсінбестік резонанс туғызған атап өту қажет.

Осыған байланысты, құрметті министр ханым, орынбасарыңыздың ресми жауап берілмей жатып, біздің  сауалымызды бұрмалаған асығыс әрекеттеріне баға беруді және тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, біздің депутаттық сауалдағы ұсыныстарды толық зерделеуді және оны жүзеге асыру жолдарын қарастыруыңызды қайталап сұраймыз.


         Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары