Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жолдардан су тасқыны үзілген елді мекендерді азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы депутаттық сауал.

 

Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің

орынбасары

Қ.А. Бозымбаевқа


          ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Қанат Алдабергенұлы!


Еліміздің он шақты аймақтарында, су тасқыны жағдайы күрделі сипат алып отыр.

Әр сағат сайын, Азаматтық қорғау қызметтері мыңдаған адамды қауіпсіздік жерге апарғандығы, қандай көлемде бөгет құрылғандығы жөнінде ақпарат жаңартылуда. Ресми мәліметтерде негізінен Орал, Атырау, Петропавл, Күлсары сияқты ірі елді мекендердің атаулары кездеседі.

Ірі елді мекендерге халық пен мемлекет тарапынан бөлінген көмек жеткізіліп жатыр. Ол туралы мемлекеттік органдар әрдайым баяндауда. Ал, шалғай орналасқан шағын ауылдарда қандай көмек көрсетіліп жатқандығы, тіпті олардың саны немесе қанша адам су қоршауында қалғандығы жөнінде ақпарат жоқ.

Түрлі аймақтарда су тасқыны 2-3 апта бұрын басталғаның ескере отырсақ, осыншама уақыт су, тамақ, медициналық көмегінен қалу өте ауыр жағдай.

Ірі қалаларды құтқарып, жергілікті билік шалғай елді мекендерді ұмытқан жоқ па?

Өтетін жолы жоқ ауылдардың жағдайы туралы, оның ішінде электроқуатсыз, байланыссыз қалған елді мекендерді азық-түлік, ауыз су, медициналық көмегімен, ауылшаруашылық жануарларын жеммен қамту сияқты мәселелер бойынша хабар тапшы екен.

Әлеуметтік желілерде кейбір ауылдарға еріктілер жинаған көмек жеткізуге мүмкіндігі жоқ деген ақпарат таратылуда.

Жолсыз қалған жақын елдімекендерге жету үшін моторлы қайықтары жетіспейді, алыстағы ауылдарға көмегін тегін апаратын тікұшақтар  табылмай жатыр деп хабарланды. Мұндай дабыл бірнеше нақты ауылдар жөнінде айтылған болатын.

Иә, біраздан кейін бұндай посттар дәлелдемеген боп шығып тұр, алайда жүйелі деңгейде бұл проблема расында өткір болуы мүмкін. Ал, тиісті ақпарат жетіспегеннен кейін, ол халықты алаңдатып, түрлі өсек тұғызуы ықтимал.    

Жоғарыда аталып отырған мәселеге уәкілетті органдардың назарын аудару қажет деп есептейміз.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары  қоғам алдында келесі мәліметтерді ұсынуды сұрайды:

1. Су тасқыны салдарынан қанша елдімекен қоршауда қалып отыр, әрбір облыс бойынша нақты саны қанша екен?

2. Сол ауылдарда қанша адам мекендейді?

3. Алыста орналасқан, қайықпен жетпейтін ауылдарға көмек қалай жеткізіліп жатыр?

4. Бұндай мақсатқа қымбат тікұшақтардың орнына тасымалдаушы дрондарын қолдануы қарастырлыған ба?

5. Ондай мүмкіндік болмаса, осындай ауылдарға арнайы жәрдем бригадалармен еріктілерді жіберу қарастырылды ма?

         Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары