Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитет отырысында Заңның жобасын қарау

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 қазанындағы №813 қаулысына сәйкес енгізілді.

Келісім кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тетігін, тәртібі мен шарттарын айқындайды және бір жағынан, басқа мүше мемлекеттердің аумақтарындағы банктерге кредиттік ресурстар үшін жүгінген кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттің резиденттері үшін тең жағдайлар жасауға және екінші жағынан, банктер үшін басқа мүше мемлекеттердің резиденттерін кредиттеу туралы шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді сапалы бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде трансшекаралық кредиттеуді дамытуға ықпал ететін болады.

Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

Заң жобасын қарау барысында қазақ тіліндегі заң жобасының тақырыбы мен мәтініне қатысты редакциялық сипаттағы бір түзету келіп түсті. Депутаттардың, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс тобының отырысы барысында аталған түзету қаралып, қабылданды. 

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдау ұсынысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізу туралы ұсынысты Комитет қолдады.