Бексултанов
Кұдайберген

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаты Қ.Бексұлтановтың депутаттық сауалы

Бүгін, 2023 жылғы 21 маусымда, депутат Қ.Бексұлтанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жылумен жабдықтау саласындағы басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті туралы Жоғарғы аудиторлық палатасының есебін тыңдады. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді пайдалануға қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдап, «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қ.Бексұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының атына депутаттық сауал жолдады.

Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің  бірінші орынбасары  Р.В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Роман Васильевич!

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру қажеттігі туралы міндет қойды. Бұл міндетті іске асыру бағыттарының бірі - бау-бақша кооперативтерінде өсірілетін өнім. Бау-бақша учаскелеріндегі жұмыс халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді, жастарды ауылшаруашылық жұмысына үйретуге ықпал етеді.   

Саяжай кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олар өнім өндірмейді, өңдемейді, сатпайды, бірақ заңды тұлға бола отырып, электр энергиясы мен техникалық су үшін заңды тұлға ретінде салық төлейді. Бұл шығындардың барлығы саяжай тұрғындарының мойнына түседі.

Саяжай тұрғындарының негізгі бөлігін зейнеткерлер мен табысы төмен адамдар құрайды. Қолданыстағы су құбырлары өз ресурсын толығымен таусылған. Саяжайлардағы электр желілері іс жүзінде иесіз, оларға ешкім қызмет көрсетпейді.

Мен тек Қарағанды қаласы бойынша мысал келтіремін. Қалалық жер қатынастары бөлімінің ресми мәліметі бойынша 50-ден астам саяжай кооперативі болса, саяжай учаскелерінің саны 12534-ті құраған.

Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша, 32 саяжай елді мекені қалған. Қаншама жер телімі пайдаланылмай жатқанын елестетіп көріңізші.

Мемлекеттің қолдауымен саяжай қауымдары елдің азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қоса алар еді. Осылайша, біз азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруын ынталандыратын едік. Еліміздегі отбасылық еңбек – бала бойына еңбекке, жерге деген сүйіспеншілікті оятуға зор мүмкіндік.

Саяжай кооперативтерін қолдаудың кешенді шараларының жобасын әзірлеуді ұсынамын.

Саяжайдағы барлық жер учаскелеріне толық түгендеу жүргізу.

Жердің мақсатты пайдаланылуын тексеру.

Топыраққа агрохимиялық талдау жасау.

Саяжайларға қатысты құқықтық нормалар арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу.

Салықты, электр энергиясын және суды жеке тұлғалар ретінде төлеуді қарастыру.

Облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын қарастыру кезінде саяжай кооперативтерін дамытуды ескеру  қажет.

Осы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік қолдау шараларының тетіктерінің бірі ретінде саяжайларда орналасқан жер телімдерін көп балалы отбасылардың пайдалануына беруге болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауабын беруді сұраймын.

Құрметпен,  «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшесі, депутат  Қ. Бексұлтанов