Берденов
Руслан
Арысбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бөлшек салығы режиміне қатысты

Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауында бөлшек салығы режимін енгізу жөніндегібастамасы кәсіпкерлер арасында жоғары сұранысты көрсетіп, оны қамту аясынекі есеге кеңейту қажеттілігін атап өткен болатын.Кәсіпкерлерді қолдау бағытында болып жатқан жаңалықтардың біріСалық кодексіндегі бөлшек салық мөлшерін 4% дан 2% пайызға дейінтөмендетумүмкіндігі 2024 жылдың 31 наурыз айына дейін берілген. Сонымен қатар бөлшексалығын қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін 190-нан 364-ке дейінкеңейтілді!Сондықтан жергілікті мемлекеттік органдарға бөлшек салықмөлшерлемесін төмендету шешімін наурыз айының соңына дейін қабылдапүлгеруге шақырамын!Осы шешім еліміздің барлық өңірлерінде қабылданса келесіартықшылықтар туындайды.Біріншіден, еліміздегі 1,7 млн. астам жеке кәсіпкерге, 440 000 шағынбизнес, 2800 орта бизнес өкілдеріне және 50 000 астам дүкендерге қолайлы салықортасы қалыптасады.

Екіншіден,көлеңкелі экономика деңгейі төмендейді. Мысалы, көлеңкеліэкономикаға қарсы шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда бюджетке қосымша2 трлн. теңге түскенін білесіздер.Үшіншіден, бүгінгі таңда салық мөлшерін төмендету туралы шешімдіқабылдаған Астана қаласы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында бұлрежимді қолданатын кәсіпкерлер саны 2023 жылы 2151ден астам болса, 2024жылдың басында жалпы саны 6260 қа жеткен.Еліміздегі шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36%, алдамыған елдерде 50-60% екендігін ескере отырып, осы мақсатқа жету үшінтүбегейлі және батыл әрекеттер жасау қажет.Осы орайда заңда көрсетілген мүмкіндікті пайдаланып, барлық өңірлерде2024 жылдың 31 наурыз айына дейін бөлшек салық мөлшерін төмендетубойынша шешім қабылдауға шақырамын.