Берденов
Руслан
Арысбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
эквайринг туралы

Өңірдегі сайлаушылармен кездесу  қортындысы бойынша Сізге ірі және шағын орта бизнес өкілдерінің жанайқайын жеткізгім келеді. Елімізде 2  млн. астам кәсіпкер тіркелген. Олар 1 700 000 жеке кәсіпкер, 440 000 шағын бизнес, 2800 орта бизнес, 1000 ірі  бизнес  өкілдері.  Оның ішінде 50 000 астам дүкендер жұмысын атқаруда.  Барлығы күнделікті эквайринг процессін жүзеге асырады.

2023 жылы инфляция 9,8% ды құрады. Азық – түлік бағасы 9,2% – ға, азық – түлік емес тауарлардың бағасы – 9,9% - ға, ақылы қызметтер-12% - ға  өскен. Осының салдарынан сату мөлшері күрт төмендеп дүкендер жабылу алдында. Мысалы дүкендер бөлшек салығы режимінде жұмыс жасап, айналымнан 4%ды салық төлейді. Алайда, кәсіпкерге қаржылық  салмақ салып отырған тағы бір фактор бар, ол эквайринг комиссиясы. Кәсіпкер тұтынушыға әр тауар мен қызметіне қолма- қол ақшасыз төлемдері үшін  эквайринг процесіне 3,5% - ға дейін банктерге комиссия төлейді.   Эквайринг пайызы   кәсіпкердің мемлекетке төлейтін табыс салығы мөлшеріненде асып түседі. Кәсіпкердің дамуына  үлес қосып түрлі бағдарлама,  мараторий, субсидия беріп отырған  мемлекет салығы  айына бір рет 4%-ы құраса,   несие беріп белшесінен пайдаға батып отырған банкілер қосымша әр аударымнан -3,5% ға дейін пайда табады. Бұл процесстен кәсіпкерде, тұтынушыда, мемлекетте ұтылады.

Осы орайда екінші деңгейдегі банктер QR бойынша 0,5%, дан 0,95%, өз карталарына 1,75% дан 3 %, басқа банк карталарына  1,5% дан 3 % дейін  комиссия алады.

Тоқыраудан тозығы шығып Қосымша құн салығының  шекті мөлшерінің 30 000 айлық көрсеткішінн 20 000 ға төмендеуі, бизнесті  дамытуға алған несие салмағын әрең көтеріп жүрген отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету саясатын жүзеге асыру мақсатында:

Бірінші: Эквайринг пайызын төмендету қажет.

Екінші: Халықаралық төлем жүйелеріндегі эквайринг үшін   шет елге аударылып жатқан қаражаттың мөлшерін азайту қажет. (Visa, Master card, UnionPay..)

Үшінші: Ешкімге тәуелсіз  «Бірыңғай ұлттық төлем жүйесін» енгізу арқылы  бюджетке түсімді ұлғайтып, кәсіпкерлерге қосымша қаржылық салмақты азайту қажет.

Төртінші: Эквайрингтен табыс тауып отырған барлық банк және қаржы ұйымдарына салық салу тетіктерін қайта қарастыру қажет.

Осыған орай жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты  нақты шаралар қолданып заң аясында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын.