Берденов
Руслан
Арысбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚТЖ және оған бағынышты мекемелер туралы

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ақпаратына сəйкес соңғы 5 жылдаҚТЖ жəне оған бағынышты мекемелерінде 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адамсотталаған. Пара алу фактісі 70%, ұрлық 13% құраған. Қылмыс актіге қол қою,жұмысқа қабылдау, ауысу, вагондарды, жүк тепловоздарын беруге байланысты.Тиімсіз басқару салдарынан саланың әбден тозығы жеткен. Бүгінгі таңда ҚТЖвагондар паркі 138000 бірлікті құрайды. Жолаушылар вагондарының орташатозуы - 53%, жүк вагондары – 57%, локомотивтер – 67% құрайды. Осыған орайбірнеше мәселені атап өткім келеді.Бірінші мәселе жолаушыларды тасымалдау: Жаз айында шамамен 4млн. астам жолаушы қапырық ыстық,кір,ескі,ұзақ мерзімді жолға жарамсызвагондармен 2-3 сағаттық кешігулермен жол жүруге мәжбүр болды. Бұлжолаушылар тасымалдау паркін жаңартудың нақты жоспары жоқтығы депайтуға болады. Тіпті ҚТЖ әлеуметтік маңызды бағыттарда тасымалдауатқаратын 4 компанияға шығысын жабуға арналған субсидияны тоқтатып,төленген бөлігін қайтару туралы шешімі осы компанияларға банкрот, 2500 астамадамды жұмыссыздыққа ұшырауы, бағыттардың тасымалдаушысыз қалатынқаупін туындатып тұр. Жалақы,салық және басқа төлемдерге қарызы 1,5 млд.теңгеден асып кетуі ықтимал. Сонымен қатар теміржол саласындағы көпмәселелердің асқынуына ҚТЖ монополисті «Вагонсервис» АҚ техникалыққызмет құнын негізсіз 40-240 % өсіруіде бұл салаға кері әсерін тигізуде.Екінші жүк тасымалдау мəселесі: Қолданыстағы вагондардың жолданшығу оқиғаларының көбейуіне өз əсерін тигізуде. Теміржолда 2022 жылы 1015оқиға тіркелсе, оның 9 қақтығыс пен жолдан шығып кету жəне адам өлімі əкеліпсоққан, ал 2023 жылы тағы 49 вагон жолдан шығып кеткен. Вагондардың жолдан шығу себебін анықтауда ҚТЖ тек вагон иелерін айыптау шешімдерін шығаруыалаңдатуда. Ал, сарапшылар вагондардың жолдан шығу себебінинфраструктураның тозуы, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзылуыменбайланыстырады.25 жылда Ұлттық тасымалдаушы экономикалық жоспарлау, болжау,стратегия, тез шешім қабылдау, табыс көзін ұлғайтуға бағытталған тиімдітетіктерді қолдануды үйренбеген. Бүгінгі таңда ҚТЖ тарапынан тауарлардыэкспортқа жəне импортқа тасымалдау үшін жүк тасымалдау жоспарын түрлісылтаулармен кешіктіріп келісу, кəсіпкерлерден əр вагонды келіскені үшін параалу шағымдарыда аз емес. Жоспардың келісімінсіз ешкім вагонды жүргізеалмайды. Бұл əдейі жасалып отырған жемқорлық тетіктері деп білемін. Қазіргітаңда Қазақстанның астық өңдеушілер одағы қыркүйекте - тəулігіне 765 тоннанемесе айына 2,3 млн тонна астық тасу жоспарын беріп отыр. Ал ҚТЖ бұлжоспарды орындай алмайды, себебі 25 жылда теміржол инфрақұрылымыныңөткізу қабілетін тек айына 1-1,2 млн тоннаға жеткізе алған. Осының салдарынанжылына 46,2 млн тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттайтын елретінде геосаяси жағыдайды ел мүддесіне қолданып экспортты ұлғайта алмайотырмыз. КТЖ бүгін инфрақұрылым түгіл елімізді бос вагон-цистерналарменқамтамасыз ете алмай отыр.Үшінші мəселе жүк стансаларының нарық сұраныстарына сəйкесеместігі: Кəсіпкерлердің логистика саласындағы нарықтан шектетілуі.Нақтырақ айтсақ Алтынкөль стансасыда жер учəскелері бар кəсіпкерлергетерминал салуға ҚТЖ рұқсат бермеуі. Себебі станцияның даму жоспарыныңжоқтығыма əлде Cosco Container Lines (Hong Kong) Co. и Shanhai (Hong Kong)Investment&Development Company Limited тəрізді компаниялардың мүддесіма?Қазақстандағы 277 темір жол тасымалдаушы компаниясына бірдей жағыдайжасалуы қажет. Экономикамызға маңызы зор логистика бағытының дамуынанеге шектеулер қойылады? Тозығы жеткен 60-80 жылдары салынған 42 жүкстанциясының дамыту мəселесіне тез арада қажетті көңіл бөлу қажет. Бартерминалдар үлгермейді, вагондар тұрып қалуда, тауар уақытында жеткізілмейді,келісім шарттар бұзылуда. Салдарынан бюджет пен кəсіпкерлер милиардтапақша жоғалтуда.Ал Ұлттық тасымалдаушының жұмысына аудиторлық тексеру 2020 жылыжүргізілген. Тексеру есебінде 5 жылда ҚТЖ АҚ-да негізгі қызметтен түсетінпайданың төмендеу жəне шығын үрдісі байқалады, олардың жалпы сомасы 616,8млрд.теңгені құрады. Мəселен, "ҚТЖ" АҚ қаржы-шаруашылық қызметініңқорытындысы бойынша 2015 жылы шығын -460,0 млрд.теңгені, 2018 жылы -86,5млрд. теңгені жəне 2019 жылы – 70,3 млрд. теңгені құрады. Есеп комитетіотырысының қорытындысы бойынша Үкіметке «ҚТЖ» АҚ-ның шығындықызметіне назар аудару, жалпыұлттық мақсаттарды ескере отырып, Ұлттықкомпанияның Даму стратегиясын қайта қарау ұсынылды. Мүдделіминистрліктер мен ведомстволарға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндешаралар қабылдау, бюджет жəне өзге де заңнама талаптарын қамтамасыз етпегенлауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау тапсырылды. Бірақ осы тексеру нəтижелеріне қажетті көңіл бөлініп, нақты шара қолданылмағаны бүгінгіжағыдайға əкеліп отыр.Президенттің Қазақстан халықына жолдауында көтерген «Қазақстантеміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорацияболып қайта құрылу мəселесінің сапалы жүзеге асыру үшін осы мəселелергебайланысты Сізден нақты шара қолдануыңызды сұраймын.