ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапар барысы туралы

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы мен саяси реформаларды өңір жұртшылығына насихаттау мақсатында жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Департаменттің, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшы және жеке құрамы, жалпы 130 адам қатысты. 

          Жүргізілген пікірталас барысында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы интустриалды аймақта өнеркәсіптік обьектілер көп орналасқан  индустриалды аймақта ортақ өрт сөндіру бөлімін құру мәселесі көтерілді.

        Бұл сұрақ бойынша облыстық департамент тарапынан  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне ұсыныс хат жолданған. Департамент тарапынан облыс әкімдігімен бұл мәселе бойынша тығыз жұмыс атқырылып, облыс аумағындағы құрылған индустриалды аймақтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бұл сұрақ облыс деңгейінде онды шешімін табады.

    Сонымен қатар осы күні депутаттар Шымкент қаласында "Қазғұрт-Юг"  ЖШС және "Фиркан" ЖШС ұжымдарымен кездесулер өткізіп Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы төңірегінде әңгіме қозғады. Еңбек нарығының модернизациясы еңбек ұжымдарының арасында үлкен қызығушылық туындыруда. Осы кездесулерде депуттарға бірқатар сұрақтар қойылды.