ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Батыс Қазақстан облысындығы іссапар

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗДІ

    Батыс Қазақстан облысында іссапармен жүрген Мәжіліс депутаттары: Бақтықожа Ізмұхамбетов, АбайТасболатов, Қанат Мусин және Павел Казанцев Орал қаласында жаңадан салынып жатқан №4 мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

     Салынып жатқан мектептің жобалық құны – 941,626 млн теңге. Күні бүгінге дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 605,000 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен 95,061 млн. теңге бөлінген. Күні өтіп, әбден тозығы жеткен ескі мектепті биылғы наурыз айында бұзып, сәуірде мектептің іргетасы құйылған болатын. 300 оқушыға арналған мектептің жобасында үлкен спорт алаңына қоса, бастапқы әскери дайындыққа арналған тир залы да қарастырылған. Жобаға сәйкес кең де жарық болуы тиіс сыныптардың әрқайсысы арнайы пәндерге арналған қажетті керек жарақтармен жабдықталатын болады. Мәселен, мектептің жалпы жер аумағы 1, 1877 гектар болса, ғимараттың өзаумағы 8,6 мың шаршы метрді құрайды. Жоба жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 16 ай жүргізілуі тиіс екен . Дегенмен мердігер мекеме бүкіл шаруаны алдағы қараша айында тәмамдап, жаңа мектепті тапсырмақ ниетте. Төрт қабатты мектеп те мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 630 келіге дейін жүк көтеретін SL Elevator лифті орнатылмақ. Ірі қолданыстағы құрылыс материалдарының 80 пайызы Оралдың өзінде өндірілетіндігі тағы бар. Жұмысқа тартылған 120 еңбеккерлердің барлығы да  жергілікті тұрғындар, осы облыстың адамдары.

    Орал қаласындағы мектеп құрылысымен танысқаннан кейін Мәжіліс депутаттары облыс аудандарын аралап, халықпен кездестіImage titleImage titleImage titleImage titleImage title.