ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Атырау экология диалогы: Экология және өнеркәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік»

Image title

Бүгін 06.06.2023 ж. Атырау қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткен «Атырау экология диалогы: Экология және өнеркәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік» тақырыбындағы конференциясына қатысып өңірдегі экологиялық ахуалға байланысты тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жауап бердім.


Image title


Атырау өңірі үшін экология күн тәртібінде тұрған маңызды сала. Өндіріс орындарының экологияға тигізетін зиянды әсерін жою үшін аймақта атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес.

Image title



Біраз жұмыстар бойынша Үкіметте тиісті министрліктермен бірлескен жобалар жасақталуда. Конференцияда облыс аймағындағы зауыттардан шығатын және атмосфераға таралатын зиянды қалдықтарды жою жолдары және жоғарғы оқу орындарында жергілікті эколог мамандарды даярлаудың маңыздылығы туралы біраз ойлар айтылды.

Image title