ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мұнай-газ кешенінің отаны -Атырау өңіріндегі келелі кездесулерден үзінді

        Бүгін республикалық ақпараттық-үгіт насихат тобында Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Парламент депутаты Б.С.Ізмұхамбетов бастаған бір топ депутаттар Атырау жұртшылығымен  кездесу өткізді. “AMANAT” партиясының жаңа бағыттарын халыққа жеткізе отырып, халықтың да айтарын, ұсынысын тыңдады. 

        Атырау өңірінің ерекшелігі – ұлы бабалардың ерлік дәстүрі Бейбарыс сұлтан, дулығалы батырлар Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Динадай дүлдүл күйшілер, қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан академиктер Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов, профессор Тауман Амандосов, мұнай және агроөнеркәсіп кешенінің майталмандары Сафи Өтебаев, Сақан Дәулетқалиев, Айнаш Байжігітова, Балғаным Доспаева сынды өз ісінің шеберлерімен жалғасып келеді.

        Бүгінде Атырау облысы – еліміздің мұнай-газ кешені шоғырланған әлеуеті зор инвестициялық аймақ. 2022 жылы республика мұнайының 55,6%-ы, ілеспе газдың 75,4%-ы Атырау облысында өндірілді (2021 жылы: мұнай – 47,8 млн тонна, ілеспе мұнай газы – 25,0 млрд. текше метр; 2022 жылы: мұнай – 46,8 млн тонна, ілеспе мұнай газы – 23,3 млрд текше метр өндірілді.).


        2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 трлн. 030 млрд. теңгені құрады (100,4%).Республика бойынша барлық инвестицияның бестен бірі.


Image title


        Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті тарихы 1950 жылдан басталады. 1994 жылы Халел Досмұхамедов есімі берілді. Қазіргі кезде 7872 білім алушы бар, Профессор-оқытушылары саны 340, ғылыми әлеуеті 37 пайыз. 22 ғылым докторы, 108 ғылым кандидаты, PhD саны – 24. «Болашақ» бағдарламасының түлегі – 11.  Университетте 6 факультет бар.

 


Image title


         Университетте заман талабына сай әлемдік және отандық білім беру кеңістігіне кіру бойынша жұмысытар жасалып жатыр, соның бірі Жаппай ашық онлайн курстар жасау шеберханасы 2023 жылы ашылды. Бұл университет оқытушыларына өз дәрістерін электронды түрде жасап, барлық жоо-ға ұсынуға мүмкіндік береді.


Image title



✅ 2023-27 жылдарға арналаған бағдарламаға сай шәкіртақы 2025 жылы- 2 есе; 2027 жылы-2,5 есе өседі. Магистр, докторанттардың шәкіртақысы-75 пайызға артады. Осы жылдарда ғылымды дамытуға 4000 грант қарастырылған. Білім мен ғылымның дамуы -ең басты көрсеткіштердің бірі.

✅ Облысымызда 5000 - дай адам шаруа қожалықтарында еңбек етеді, бұл 3 пайызды ғана құрайды. Бірақ осы салада күрмеуі көп жағдайлар бар.

✅ Атырау облысында соңғы 30 жылда геоботаникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Ал топырақ құнарлылығы туралы мұндай зерттеулерсіз біле алмаймыз. Жергілікті табиғи ерекшеліктерге орай мұндай ізденістер тезірек қолға алынуы тиіс.

✅ Біз үшін тыңайтқыш мәселесі өте маңызды. Азды- көпті қол жеткізіп отырған бақша өнімдері мен мал азығын дайындауда тыңайтқышты тиімді жұмсау үшін зерттеу керек.

✅ Су мәселесі де ең күрделі мәселелердің бірі. Облыс жағдайында тамшылатып суару тиімді екені белгілі жағдай. Бұл тыңайтқышты да үнемді жұмсауға жол ашады. Көптеген мәселелер көтерілді бұл кездесуде. Ғылыми талдаулардың керектігі баса айтылды. Топырақ тозды, су азайды, ауа ластануда. Шешімін ғылым тапса, ол бірден іске енсе деген тілек білдірді.