ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ ІЗМҰХАМБЕТОВ Б.С.ӘСКЕРИ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ, ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Image title

        Өмірге құштар, өнерге құштар алыптар мекені Атырау облысындағы іссапарымның келесі күндерін Отанға адал берілген әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының еліміздің тыныштығы, қоғамдық қауіпсіздігі, адамдардың бейбіт өміріне жауапты сала қызметкерлерінің өмірімен жақын танысу мақсатында бірнеше кездесулерге жалғасты.

            

Image title

        Атырау облысындағы іссапар барысында, Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының 5546 әскери бөлімінде, ҚР Қорғаныс министрлігінің 41433 әскери бөлімінде және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2201 "г" әскери құрамымен жеке-жеке кездесіп, казармаларын аралап күнделікті әскери өмірдің күн тәртібімен таныстым.

Image title

        Кез келген елдің тағдыры мен келешегі оның қауіпсіздігін сақтайтын әскерімен тікелей байланысты екені баршамызға аян. Басқаша айтсақ, армияның абыройы – мемлекеттің бет-беделі болып қала береді.

        Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тап­сырмасына сәйкес Қазақстан армия­сын реформалау бойынша кешенді жұ­мыстар жүргізілуде. Сол жүргізіліп жатырған өзгерітердің аймақтағы орындалуын көзімізбен көріп куә болдық.

Image title

    Қа­ру­лы Күштердің құрылымы мен құ­ра­мын жаңғырту, әскери дайындықты же­тіл­діру, заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру, цифр­лан­дыру, әске­ри қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, 2021-2025 жылдарға Мем­ле­кет басшысы бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлт­тық жобасы әзірленді.

Image title

        Дегенмен, әскер саласында шешімін күткен біраз проблемалардың әлі де бар екені жасырын емес.

Кездесуде, жеке құрамның жүретін жолы, автотұрақтары мен әскери атыс алаңына апаратын жолдарға асфальт салынса деген тілектерін жеткізді.