ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Мәжіліс депутаты Б.С. Ізмұхамбетов Махамбет ауданы тұрғындарымен кездесті.

    2023 жылдың 10 шілдесінде Атырау облысы Махамбет ауданында іссапарда болып, жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен, “AMANAT” партиясы активтерімен, бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелерімен келелі кедесулер өткізілді. 

Image title


     Бүгінде өркендеген Атырау облысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және шағын орта бизнес салаларындағы кәсіпорын енгізілді. Оның ішінде тығыздалған ауа және азот шығаратын қондырғылар құрылысы аяқталып, халыққа пайдалануға берілді. Құлсарықаласындағы қатты тұрмыстық қалдықты өңдейтін 2 кешен іске қосылған. Ал Махамбет ауданында «Бизнес-инкубатор» ашылды.

Image title



        Атырау облысында 201 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолы жөнделген, оның ішінде «Индер-Қарабау» көлік жолының 57 км қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесінің 72% құрайды.

Image title

✅Алдымен Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарының ұйымдастырылуымен таныстым. Жалпы жағалауды нығайту жұмыстары 2023 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланған. Жұмыс баяу жүруде, жұмыс күші тапшы. Техника саны жеткіліксіз, судың тасуы, материалдың уақытылы жеткізілмеуі сияқты түрлі сылтаулармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны байқалады. Өндірістік жұмыстар бекітілген жұмыс кестесінен кешігіп жатыр. Жағалауды нығайту жұмыстарын "Павлодар өзен порты", "DIPCO", "ADS САПА" секілді мердігер компаниялар жүргізіп, свай және шпунт қағу жұмыстары толық аяқталғанына куә болдық. Бірақ маусым маусым айында аяқталуға тиіс бут тастарын төсеу, бетон құю жұмыстары жартылай аяқталғаны анықталды. 

Бұл кемшіліктер жұмыстың уақытылы аяқталмай қалуына себеп болуы мүмкін. Жағалауды абаттандыру, жарықтандыру, жаяу жүргінші жолдарының жұмысы да келісілген уақытынан кешігуде.Жайық жағалауы оның маңайында отырған жұрт үшін ең маңызды тіршілік көзі. Ал мұндай істі жүзеге асыру әрбір мердігер компаниядан, жергілікті билік органдарынан үлкен  жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан жағалауды нығайту жұмысының сапалы болуын әрі алдағы уақытта “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға байланысты Жол картасына бөлінген қаржының уақытында игерілуін, жұмыстың аяқталуын біз қатаң бақылауда ұстайтын боламыз.

Image title

Күн тәртібіндегі кездесулерге орай Махамбет ауылындағы "Бизнес инкубтор ғимаратында Махамбет ауданының жеке шаруашылық өкілдерімен және «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобаларының қатысушыларымен кездесу өткізілді. Облыста «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде 2,5 мың адамды оқытуды қолға алып,  ауыл бизнесін қолдау мақсатында өңірлік «Бизнес-аймақ» бағдарламасының қаржылық көлемін 2,5 млрд.теңге қаржы тарту  жұмыстары қолға алынған. Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие беру жолдарын талқыладық.


Image title


✅ Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездестім. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығында біраз ілгерілеушілік бары байқалады. Картоп, көкөніс,бақша, мал азықтық дақылдар өткен жылғымен салыстырғанда 227 га жоғары екені байқалады.