ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Атырауда ірі мұнай-газ кәсіпорындарында жұмысшылар мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаттары Атырауда ірі мұнай-газ кәсіпорындарында жұмысшылар мәселесін көтерді

        Атырау, 11 шілде.  Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Атырауда ірі мұнай-газ кәсіпорындары басшыларымен өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.  Кәсіпорындағы жұмысшылардың  өтініші бойынша  өндірісте вахталық ауысым уақытын 14 күнге ауыстыру, көгалдандыру жұмысын жеделдетіп, әлемуеттік-инфрақұрылдымдық даму бағдарламасына бөлінетін қаржыны көбейту сияқты бірқатар  мәселені  көтерді.

Image title




        Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымымен кездесіп, заң шығарушы органның жұмысы мен қабылданып жатқан заңдар туралы ақпарат берді.  Жиында депутат онлайн жарнама, шетелге шығарылған активтерді елге қайтару туралы заңдардың талаптары мен тиімділігі туралы айтып, «AMANAT» партиясының жобаларына да тоқталды. Соның ішінде «Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеттеріне назар аударды.

Image title



АлМәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов пен Әділ Жұбанов осы өңірдегі ірі мұнай-газ мекемелерінің ұжымдарымен кездесті. Жиынға «Ембімұнайгаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС және North Caspian Operating Company N.V. компаниясының өкілдері қатысты. Онда әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар және көгалдандыру тақырыптары қозғалды.

 Қазіргі таңда депутаттардың атсалысуымен «Теңізшевройл» компаниясы мердігер компаниялармен Теңіздегі ауысымдық жұмыс кестесін 28 күннен 14 күнге өзгерту бағытында келіссөздер жүргізуде.

Сонымен қатар Теңіз кенішіне жұмысқа жаңадан қабылданатын азаматтардың өздеріне жұмыс ауысымының уақытын, яғни 28 күндік немесе 14 күндік вахталық әдісті таңдауына мүмкіндік берілетін болады. Бұл мәселе толық шешілгенге дейін Мәжіліс депутаттарының тікелей бақылауында болады.


Image title


Кездесу барысында «Теңізшевройл» компаниясымен іске асырылып отырған «Игілік» бағдарламасының жылдық бюджетін көбейту және құрылыстарды сапалы жүргізу мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ депутаттар «Теңізшевройл» компаниясын Жылыой ауданын көгалдандыру мәселелесін тездетуге шақырды.

⠀2021 жылы облыстық әкімдікпен жасақталған меморандум талаптарына сәйкес, «Теңізшевройл» мекемесі жоспарланған 647 га жердің 2022 жылы 15 га жеріне 9000 дана ағаш көшеттерін отырғызып, жоспардың 2,3%-ын ғана орындаған.