ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті.


Image title

                Шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі – Сағындықова Назгүл Ерікқызы, Астана қаласы әкімінің орынбасары – Байкен Есет Берікұлы, барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары арлагерлері қатысты.

Image title

          Мәжілісте «Белсенді ұзақ өмір» 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының орындалысы, ҚР Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Б. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің 2023 жылы 2ақпанда Президент Қ. Тоқаевтің қабылдауында келісілген ұсынысы «Іскерлік және жанашырлық» пилоттық жобасының Атырау облысында жүзеге асу барысы туралы мәселе қозғалды. Шара «Samruk-Kazyna Trust» қорымен қаржыландыратын «Тағылым» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Image title