ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Выступление на встрече с ветеранами, представителями общественных организаций, депутатами областного и городского маслихатов, неправительственными организациями

Құрметті жиынға қатысушылар!

        Өздеріңіз біліп отырғандай, Елбасы маған республикалық ардагерлер ұйымына басшылық жасауды тапсырды.

        Қазақ қоғамында ардагерлер – өз алдына бір институт. Бұл институттың міндеті – бірлік пен бүтіндікке қызмет ету, халық пен ұрпақ тәрбиесіне атсалысу, қанмен берілген ұлттық қасиеттерімізді өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, бойдағы мол тәжірибені ел дамуы жолындағы ізгіліктерге пайдалану.

      Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы 1987 жылы 21 наурызда құрылды. Бұл ұйымды кезең-кезеңімен еліміздің белгілі  мемлекет және қоғам қайраткерлері - Шәңгерей Жәнібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Мақтай Сағдиев, Қайырбек Сүлейменов және Өмірзақ Озғанбаевтар басқарды.

        Қазіргі күні республикалық Ардагерлер ұйымы еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйым болып саналады. Арасында 115 Социалистік Еңбек Ері, 17 Халық Қаһарманы мен Еңбек Ері, құрамында 1 миллион 786 мың адам бар.      

        Еліміздегі ардагерлер ұйымдары Ел Президентінің саяси бағытын толығымен қолдайды. Қазақстан халқына Жолдаудағы айшықталған  дамудың жаңа бағыттары ардагерлер арасында ыстық ықыласқа ие болды және оның орындалуына өз үлестерін қосуға әрқашанда дайын.

Құрметті жерлестер! Біз – депутаттар тобы бүгінгі кездесуде «Нұр Отан» партиясының қызметкерлерімен, ардагерлермен, маслихат депутаттарымен үкіметтік емес ұйымдармен, бизнес өкілдерімен және облыс жұртшылығымен кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз.

        Біздің кездесуіміз ерекше уақытта – егемен еліміздің алғашқы 25 жылдық мерейтойын тойлауға дайындық кезеңінде өтіп отыр.

Бүгінгі кездесуде еліміздің қазіргі жағдайы туралы кейбір мәліметтермен бөліскім келеді.

        Мемлекет басшысы Н. Назарбаев жақында Петербург халықаралық экономикалық форумының ХХ пленарлық отырысында Қазақстан дамуының кезеңдік қорытындыларын жасады.

Мемлекет басшысы өткен «ширек ғасыр біз үшін тұтас тарихи дәуір болғанын атап өтті.

Халықтың жан басына шаққанда 400 доллар болатын жалпы ішкі өнімі бар, қираған, перспективасы жоқ экономиканы біз 22 есеге өсіріп, 2014 жылғы халықтың жан басына шаққанда 13,5 мың доллар  жалпы ішкі өніммен аяқтап, орташа дамыған елдер қатарына кірдік. «Терра инкогнита» – белгісіз жерден біз әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірген, даму қарқыны жоғары елге айналдық. Кедейшілік 46 пайыздан 3 пайызға дейін төмендеді. Ширек ғасыр бұрын мемлекетте адамдарға жалақы мен зейнетақы төлейтін қаражат болмады. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық резервтерінің көлемі 50 пайыздан асып, шамамен 100 миллиард америка долларын құрап отыр. Мұны 10 есе үлкен Ресей экономикасымен салыстыруға болады, біз үшін бұл аз емес екенін өздеріңіз  есептеулеріңізге болады.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз 255 миллиард тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. 2008-2009 жылдардағы және қазіргі дағдарыстың ықпалына қарамастан, біз экономиканың құлдырауына жол бермедік. Халықаралық қаржы ұйымдарымен (Дүниежүзілік  банк, Исламдық банк, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі)  ынтымақтастық бағдарламасының шеңберінде таяудағы бес жылда 9 миллиард доллар тарту болжанып отыр. Бұл Қазақстанның экономикалық тартымдылығы мен халықаралық беделінің маңызды көрсеткіші. Тақыр жерден дерлік салынған біздің жаңа Астанамызға ТМД қалаларының ішінде бірінші боп 2017 жылы «Болашақ энергиясы» тақырыбында «ЭКСПО – 2017» дүниежүзілік көрмесін қабылдау құқығы сеніп тапсырылды.

Дүниежүзілік экономикадағы қиындықтарға және әлемнің көптеген елдерінде өндірістің құлдырауына қарамастан, біздің еліміз  даму үстінде.  Еліміздің қозғалыс серпінділігі Президенттік даму жоспарларына негізделген.

Елімізде 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімде даму стратегиясы  іске асырылып жатқаны өздеріңізге мәлім, оның негізгі мақсаты әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру болып табылады.

Мемлекет басшысының халықаралық қатынастардағы байыпты, алысты болжаған сыртқы саясаты Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделін асқақтатып келе жатқанын білесіздер.

Елбасымыздың биыл Вашингтон қаласында жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі халықаралық қауымдастықты елең еткізіп, үлкен қолдауға ие болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған осы тың бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжат мәртебесіне де ие болды.

Сонымен қатар, 28 маусымда Қазақ Елінің мерейін үстем еткен тағы бір маңызы зор тарихи оқиға болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға мүшесі болып сайланды. Халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелерін талқылап, жаһандық шешімдер қабылдайтын бұл органға мүше болу аса мәртебелі әрі жауапты шара. Бұл Қазақстанның халықаралық саясаттағы беделі мен рөлінің жылдан жылға артып келе жатқанының айқын дәлелі.   

Бүгінде Еліміздің инфрақұрылымын дамытуды көздеген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. Ол бүкіл республика көлемінде нақты көліктік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды іске асыруға бағытталған.

Сол үшін Ұлттық қордан, ұлттық компаниялар мен даму институттарынан кезең-кезеңмен тиісті қаражат та бөлінуде. Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 2015-2016 жылдары Атырау облысына Ұлттық қордан 5 720,8 млн. теңге бөлінді, соның ішінде: Мақат ауданының Доссор кентінде О.Сарғұнанов атындағы 300 орындық орта мектеп құрылысын салуға, несиелік тұрғын үй құрылысын  аяқтауға,  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы шеңберінде инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және Астана-Ақтөбе-Атырау, Атырау-Астрахань жолдары қарастырылғанын да білесіздер.   

Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында мемлекеттік идеологиялық жұмыста ерекше маңызға ие «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі қабылданды.

Бүгінгі таңда Бес маңызды институционалдық реформаны егжей-тегжейлі көрсететін  құжат – «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспары» толық іске асырылуда.

Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі   ең шұғыл заңдардың алғашқы топтамасы қабылданып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміз жаңа құқықтық жағдайда өмір сүруде.

Бірінші сессияда Палаталардың 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 12 жалпы отырысы3 үкімет сағаты, тұрақты комитеттердің 109 отырысы, заң жобалары бойынша жұмыс топтарының 160 отырысы, 7 дөңгелек стол, комитеттердің       3 көшпелі отырысы өткізілді.

   Осы кезеңде Мәжіліс қарауында 42 заң жобасы болды, олардың 18-і өткен сайланымнан қалған, 24-і – сессия барысында келіп түсті 

7 заң жобасына депутаттар бастамашы болған.

   Сессия қорытындысы бойынша Мәжіліс 13 заң жобасын мақұлдады, Парламент 12 заң қабылдады.

Соңғы уақытта орын алған оқиғалар елімізде заң шығару жұмысының жоспар бойынша жүріп жатқанын көрсетеді, алайда біздің заңнамаға енгізілген жаңалықтар бойынша түсіндіру жұмысымыз уақыт талабынан қалыс қалуда.

Мұны жер заңнамасына енгізілген жаңалықтар туралы мәселеге байланысты елімізде орын алған оқиға айғақтайды.

Баспасөзде жер мәселесіне қатысты көптеген жарияланым пайда болды. Қазақстан жұртшылығы жер заңнамасына енгізілген түзетулерге дүрлікті.

Қоғамның азаматтық белсенділік таныту фактісінің өзі жағымды жағдай болып табылады, алайда бұл жағдайда бірқатар маңызды тұстар бойынша алаңдаушылық  туындайды.

Көптеген жарияланымдар мен әртүрлі оған жазылған пікірлерді шолып қарасақ, митингіге шыққандардың көбі Жер кодексіне енгізілген түзетулерді зерделеп оқымаған.

Қазақстанның Жер кодексінде шетелдіктерге жер сату туралы нормалар жоқ.

Қазір ауыл шаруашылығына салынған мемлекет қаржысынан кейін келіп жатқан ішкі инвестициялар аз, ал сырттан келетін инвестициялар туралы сөз айтудың өзі артық. Жалпы агросектор дүниежүзі бойынша экономиканың ең бір қиын саласы.Тіпті Германия, Италия, Франция және өзге де дамыған елдер фермерлерінің өздері оқтын-оқтын митингілерге шығып жатса, басқасы туралы не айтуға болады?

Құрылған жер жөніндегі комиссия туындаған барлық сұрақтарды жан-жақты зерделеп, ұсыныс әзірлейтін болады.

Бұл дискуссиялар, митингілер неден пайда болды? Ол халық арасында тиісті ақылдасу, түсіндіру жұмыстарының жүргізілмегендігінен. Сондықтан бұл арада біздер көп жұмыс атқаруымыз керек.

Ағымдағы жылғы 5 маусымда Ақтөбеде болған, кінәсыз адамдар өліміне әкеп соққан террорлық акт  бейбітшілік пен тұрақтылықты сүйетін біздің ел үшін - төбеден жай түскендей болды.

Бүкіл ел және әлем қауымдастығы бұл террорлық актіге наразылық білдірді. Терроризм шабуылына тап болған әлемнің көптеген елдері көңілдерін білдіріп жатты.

Мемлекет Басшысы Ақтөбедегі жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.

Президент қылмыскерлерді қатаң жауапқа тартуды талап етті және ол «экстремистер мен террористердің көзін жою үшін біз әрқашан қатаң шаралар қолданамыз. Ол үшін біздің мемлекеттің мүмкіндігі де күші де жетеді» деп мәлімдеді.

Елдің тыныштығы, адамдардың амандығы басты мәселе. Ешкімнің басқа жанның өміріне қатер төндіруге  қақы жоқ.

Құрметті ағайын!

Ел экономикасына үлкен үлес қосып отырған мұнай-газ саласы болса, Атырау облысының жүзеге асқан, жүзеге асып жатқан мұнай-газ жобалары өте маңызды. Облыста басқа салаларда да көптеген жобалар бар.

Нұрлан Асқарұлы бастаған облыс басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, облыс халқының әл-ауқатын әрмен қарай жақсартып, Елбасының тапсырмаларын өз дәрежесінде орындайтынына сенеміз.