ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілісте Шәріп Омаровты еске алуға арналған іс-шара өтті

Мәжілісте Шәріп Омаровты еске алуға арналған іс-шара өтті


Image title


         Мәжілісте белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шәріп Омаровтың 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.   Іс-шараны ашқан Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Шәріп Омаровтың республиканың түрлі салада дамуына қосқан үлесін атап өтті. – Табиғат Шәкеңнің бойына барлық қасиетті дарытқан десе де болады. Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобымен өнердің ең биік шыңын бағындырды. Сол ансамбль мүшелері де бүгін ортамызда отыр. Мемлекеттік қызметте, саясатта абыройлы еңбек етті. Беделді, белсенді қайраткер тұлға болды. Қазақ дипломатиясының дамуына үлес қосқан білікті елші. Шәкең тәрбиелеген талай шәкірттер шоғыры бүгінде ел игілігіне қызмет етіп жүр, – деді Ерлан Қошанов. Жиынға Шәріп Омаровтың жары, скрипкашы, ҚР халық әртісі Гауһар Мырзабекова, Мәжілістің І-V шақырылымының депутаттары, «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты. Сондай-ақ Т.Қуанышев құрастырған Шәріп Омаров туралы «Шынайы ғұмыр кешкен азамат» естеліктер жинағының да тұсауы кесілді. Басқосуды кезінде Шәріп Омаров басқарған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырды. Айта кетейік, Шәріп Омарұлы Омаров – Парламент Мәжілісінің бірнеше шақырылымының депутаты, «Дос-Мұқасан» музыкалық ансамблін, ардагер футбол қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі.