ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобасы бойынша жұмыс тобы жетекшісі тағайындалды

            Комитет отырысында Қазақстан Республикасы пралманті Мәжілісінің депутаты Б.С. Ізмұхамбетов «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып тағайындалды.

            Келісім "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде "Союз" типіндегі тасымалдағышзымырандардан бөлінетәін бөліктердің құлау ауданы ретінде ҚР аумағындағы жер учаскесін беруге және пайдалануға байланысты 2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеу қаласында қол қойылды.