ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТЕН ХАБАРЛАМА

МӘЖІЛІСТЕН ХАБАРЛАМА

Мәжілістен хабарлама

Құрметті әлеуметтік желідегі достарым !

Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтті.

Әріптестерімізбен бірге, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарадық. Оның ішінде жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу бойынша ТМД елдері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бар.

Сондай-ақ, 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі жөніндегі ратификациялық келісім.

Бұдан бөлек, Қазақстанда адам саудасымен күресуге бағытталған жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдадық.

Сонымен қатар, түстен кейін «Тұрғын үй саясатын реформалау

мәселелері бойынша» заң жобасын

таныстырылымы өтті.

Заң жобасының жетекшісі, әріптесім, Мәжіліс депутаты - Тұмашинов Лұқбек Шабданұлы.

Өздеріңіз білетіндей, тұрғын үй саясаты үнемі жетілдіріліп келеді және оның шаралары әртүрлі ипотекалық бағдарламаларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандырумен қатар, нормативтік заңнамалық актілерді өзгертуді де көздейді.

Осыған орай, Заң жобасы азаматтарға тұрғын үй мәселесін шешудің қолжетімді құралдарын ұсынуды көздейді.

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет Басшысының ерекше назарында.

Алдағы уақытта аталған заң жобасы жұмыс топтарында талқыланатын болады.