ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда қарадық.Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% ын балалардың арнаулы жинақтаушы шоттарына олар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін тапсырмаларын іске асыру мақсаты үшін әзірленген.Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының кәмелетке толған кезде (он сегіз жасқа) тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе 18 жасқа толғаннан кейін жинақ есебінен білім алу мүмкіндігі мақсатынжа жас ұрпағын қолдау болып табылды. Балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық қордың 2005-2022 жылдардағы орташа табыстылығын ескере отырып, 18 жасқа дейінгі балаларға 3500 доллар сома есептелетін болды. 18 жасқа толған кезде қаражат баланың айрықша меншігі болып, ол қаражатты қалай пайдалану керектігін ашып айтқанда білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға өз бетіншн шешуі тиіс

Осы заң жобасы бойынша баяндама жасаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила ШАПАҚқызына: Қаралып отырған заң жобасында бала 18 жасқа толғанға дейін есептелген қаражат іс жүзінде Ұлттық қорда болады және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі инвестициялауды жалғастырады деп көзделген. Осылайша, бала 18 жасқа толған кезде Ұлттық қордың шоттарындағы қаражатты төлеуді талап етуге құқылы деп айтылған.Осыған байланысты Үнзила Шапаққызы, бала туылғаннан бастап оны пайдаланғанға дейін жинақталған қаражатты есептеу және төлеу тетігі қандай болатынын түсіндіріңізші ? деп сұрақ көтерілді.Сұраққа берілген жауапты төменде қоса жалғанған видеодан тамашалай аласыздар.