ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы

        2023 жылдың 27 маусымы күні сағат 15.00-де Комитет отырысындағы күн тәртібі бойынша "2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы қаралды. Комитет отырысына төрағалық етіп Комитет хатшысы Сарым Айдос Әміроллаұлы төрағалық етті. 

        Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика  вице-министрі Асхат Ғалымұлы өзінің баяндамасында Келісімнің барлық негізгі жағдайларын толығымен баяндады.

        Жоғарыда айтып өткендей Келісім екі ел арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісім шеңберінде жүзеге асырылады.  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден кодекстерінде уақытша мерзімді декларациялау рәсімі көзделген.

        Ресей тарабының Ресей мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына әкету кезінде УМД қолдануды жою туралы ұсынысы тек Ресей Федерациясы үшін ғана оң әсер етпейді, бұл қазақстандық кәсіпкерлерге сатушыны, жеткізу шарттарын және тиісінше олар үшін қолайлы бағамен таңдауға мүмкіндік беріп, оң әсер етеді.

        2010 жылғы 9 желтоқсанда ҚР-сының Үкіметі мен РФ-сының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты Келісімге қол қойды.

        Екіжақты Келісімнің 3-бабында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) 27-тобында жіктелетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында оларКеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілгендей кедендік декларациялауға жататыны анықталды.

        Бұл шарттар Ресей тарабына мұнай өнімдерін экспорттық кедендік баж салығынсыз Қазақстан Республикасына әкету есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

        Ресей Федерациясынан айырмашылығы, Қазақстан Республикасы қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкету кезінде кедендік декларациялауды қолданбайды, бірақ тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс шығарғанда, яғни ЕАЭО-ға кірмейтін мемлекеттерге әкеткенде кедендік декларациялауды қолдану міндетті.

        2019 жылы Ресей тарабы екіжақты келісімнің 3-бабына өзгеріс енгізу туралы ұсыныспен шықты.

        Ұсыныс Ресей Федерациясында кедендік декларациялау арқылы статистикалық есепке алуды жалғастыру болды, бірақ 2022 – 2024 жылдары мұнай және мұнай өнімдерін құбыр көлігімен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу кезінде уақытша мерзімді декларациялау (УМД) рәсімін қолдануды алып тастады.

        Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден кодекстерінде уақытша мерзімді декларациялау рәсімі көзделген.

        Ресей тарабының Ресей мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына әкету кезінде УМД қолдануды жою туралы ұсынысы тек Ресей Федерациясы үшін ғана оң әсер етпейді, бұл қазақстандық кәсіпкерлерге сатушыны, жеткізу шарттарын және тиісінше олар үшін қолайлы бағамен таңдауға мүмкіндік беріп, оң әсер етеді.

        2021 жылы Ресей тарабы екіжақты Келісімнің 3-бабын «...(керек-жарақ ретінде әкетілетін аталған тауарларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтыруды ұсынды.

        Қазақстан Республикасы үшін бұл толықтырудың теріс салдары болмайтынын ескере отырып, сондай-ақ екіжақты Келісімді ЕАЭО ратификацияланған Кеден кодексінің сәйкестігіне келтіру қажеттігін назарға ала отырып, Комиет мүшелері жобаны бірауыздан қолдады.