ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2023 жылғы 24 қазан



Image title


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, Астана қаласы.


2.     Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шүкежанова Алма Сайдахметқызы – «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Семей қаласы.


3.     Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – «Таң ЛТД» ЖШС директоры, Қызылорда облысы. 


4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                        Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 23 қазан

                  № 390


Image title