ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліске Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі келді

Мәжіліске Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі келді

        Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліске Алжир Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камал Фениш келді. Кездесуге Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан, Алжирмен достық тобының жетекшісі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған депутаттар қатысты.


Image title

Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов:  өз сөзінде " Рахмет Сізге, Айгүл Сайфоллақызы! Құрметті Камал Финиш мырза! Мәжіліс қабырғасында Сізбен кездескенімізге қуаныштымыз.

 Біз Алжирды Африка және Ислам әлеміндегі негізгі серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Екіжақты қатынастарымыз жан-жақты даму үстінде. Дегенмен, екі ел арасындағы түрлі салаларда пайдаланылмаған үлкен әлеуетті мойындау қажет. Осы тұрғыда, Қазақстандағы Алжир Елшілігінің ашылуы осы әлеуетті іске асыруда шешуші рөл атқаратынына кәміл сенемін. Біз екіжақты қатынастарда парламентаралық байланыстарымызға да үлкен мән береміз


Image title


Болашақта достық топтар деңгейіндегі ықпалдастығымызды одан әрі тереңдетуге шақырамын. Бұл екі тарапқа да заңнама саласында жан-жақты тәжірибе алмасуға және халықтарымыздың  достығын арттыруға жол ашады деп сенемін.         Осы мүмкіндікті пайдаланып, Алжир Парламентінің Ұлттық халық жиналысындағы әріптестерімізге сәлемімізді жеткізуіңізді сұраймын. Біз Алжирдегі достарымызбен өзара әрекетттесуге дайынбыз. Бірлескен комиссия құру біздің ынтымақтастығымыздың әлеуетін пайдалануда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Алжир тарапы ұсынған Үкіметаралық Комиссия құру туралы келісімнің қазіргі уақытта Қазақстанның мүдделі министрліктері мен мекемелерінде қарастырылуда. Қазақ тарапы екі елдің мемлекеттік органдары өкілдерінің сапарларын жеңілдету үшін дипломатиялық және қызмет паспорттарының иелерін визадан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынған болатын. Алжир Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда дипломатиялық және қызмет паспорттарын беру туралы заңнамасына қатысты ақпарат сұратқан екен. ҚР СІМ өз кезегінде, тиісті ақпаратты Алжир тарапына жолдап, аталған мәселе бойынша шешім күтіп отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, араб әлемін білетін азаматтардың бірі екенімді де айта кеткім келеді. 1983-1987 жылдары Иемен елінде мұнай барлаушылар тобында қызмет еттім. Құрметті Елші мырза, осы кездесу үшін алғысымды білдіремін. Еліңіздің игілігі жолында атқарып жатқан жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал достас Алжир халқына – амандық пен өркендеу тілеймін. Алжирдың Африка және Ислам әлеміндегі негізгі серіктестеріміздің бірі және екі ел ынтымағының әлеуеті зор екенін атап өтті.

Image title


         Елші Камал Фениш Алжир мен Қазақстанның ұстанымдары, жер көлемі, қазба байлықтары сынды ұқсас, ортақ тұстары көп екенін және Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып танығанын айтты.   – Қазақстан Президентінің жүргізіп жатқан саяси реформаларына алғыс білдіремін. Соның ішіндегі ең негізгісі – Конституциялық Кеңесті Конституциялық Сотқа айналдырғаны. Бұл әділеттілікті орнатуда үлкен рөл ойнайды. Біздің елімізде де осындай реформа іске асты. Себебі Конституциялық Соттың құзіреті ауқымдырақ, саяси шешімдерге де араласа алады.  Қазақстанның Конституциясымен танысып шықтым, маған үлкен әсер берді. Айта кетейін, Еуропадағы заңдар мұндай деңгейде емес, – деді К.Фениш. Жиында депутаттар Алжирдің заңнамалық, құқықтық саладағы жүйесіне, ондағы әріптестерінің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап алды. Мәжілісмендер алжирлік әріптестерімен елдердің игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді. Айгүл Құспан Алжир Елшісіне арнайы уақыт бөліп, келгені үшін алғыс білдірді.