ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жекеге кеткен коммуналдық базарды мемлекетке қайтару туралы депутаттық сауал

                                                                    Депутаттық сауал Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Б.Н. Асыловқа жолданады

2024 жылғы 24 қаңтарда  жарияланды.


ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Берік Ноғайұлы !

        Атырау облысында 2013-2015 жылдары жергілікті бюджет есебінің қолдауымен оннан аса ауыл шаруашылығы жобалары жүзеге асты. Нәтижесінде сиыр сүті, ешкі сүті өнімдері, тауық, бөдене  жұмыртқалары, бау-бақша, көкөніс, ет және ет өнімдері шығарыла бастады.

        Осы азық-түлік делдалсыз, арзанырақ, қолжетімді бағамен сатылуы үшін жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (СПК - сельскохозяйственный производственный кооператив) арқылы бөлінген қаржыға коммуналдық базар салынып, 2015 жылы іске қосылып, қосымша қаржысыз өз табысымен жұмыс жасады.

        Өкінішке орай, осы базардың  2021 жылдың 8 сәуірінде сенімдік басқару арқылы сатылуы заңдастырылған.

        Онан кейінгі жылдарда бұрынғы арзан баға жойылған. Әкімшіліктің халықтың қаржысына (процентсіз кредитке) салған базарын халық кері қайтаруды талап етіп, облыстың қазіргі жаңа басшысы оны орындаған.

        Бірақ базарды алған іскер халықтың базарын өзінде қалдыру үшін әлі соттасуда.

        Таңқаларлығы, күмәнді себептермен бұл іс жалғасуда.

        Қала халқы кезекке тұрып, арзан тамақ жинайтын базар қолды болып, халыққа (қала меншігіне) кері қайтарылу ісі бітпей отыр.

        Бір кезде өз қаржысымен жұмыс істеген базар, кейін, әуелі әлсіретіп, борышқа кіргізіп, сенімді басқару арқылы сатылуға қойылған.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың әлеуметтік жағдайы үшін жасалған «Сарайшық» базарының халық игілігіне (қала меншігіне) кері қайтарылуын заңдастыруыңызды сұраймыз.

Құрметті Құрметті Берік Ноғайұлы!

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес көтерілген сауалға жауабыңызды жазбаша күтеміз.

Бұл мәселе бойынша құжаттар топтамасы жалғанды - 33 бет.


Құрметпен,

Қазақстанның Еңбек Ері, депутат, «AMANAT» партиясы

фракциясының  мүшесі                                                                                                                                               Бақтықожа Ізмұхамбетов       

Депутаттар                                                                                                                                                                       Ермұрат Бапи

                                                                                                                                                                                          Айдос Сарым