Қалықов
Арман
Қобыландыұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
БІРЛЕСКЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫС БОЙЫНША

Оған аталған комитеттердің төрағалары Еділ Жаңбыршин мен Нұртай Сабильянов төрағалық етіп, халыққа қызмет көрсететін бірегей ұлттық оператор Қазпоштаның қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелері талқылады. Бүгінде Қазпошта еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде пошталық, логистикалық, қаржылық және агенттік қызметтер көрсететін бірегей ұлттық оператор саналады. Аталған компанияның жалпы республика бойынша 2700-ден астам бөлімшесі, бірқатар серіктес нүктелері, 2 мыңға жуық көлігі бар.

Сонымен қатар Германияда 3 фулфилмент және 16 сұрыптау орталығы мен айырбастау пункттері жұмыс істейді. 20 000-ға жуық қызметкердің, 97 пайызын  өндірістік қызметкерлер құрайды. Басқарма төрайымы Әсел Жанасованың айтуынша, бүгінде компания қаржылық сын-қатерлерге қарамастан, ішкі жеткізілім мен импортқа, соның ішінде трансшекаралық электрондық коммерция нарығына, әсіресе Қытаймен электрондық сауданы дамытуға баса назар аударуда. Қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хабтарды салуға жер телімдерін алды. Биылғы жылдың қазан айында Астана қаласында фулфилмент орталығы бар, аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын логистикалық хаб іске қосылмақ.

Image title