Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің жалпы отырысында

Рахмет, құрметті Ерлан Жақанұлы!

Менің сұрағым Энергетика министріне арналады.

Құрметті   Алмасадам Майданұлы !

Еліміздегі Энергетика саласын кім-көрінген жеке басына пайдаланатын болды.

Мәселен Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында, жекеменшік 160 подстанция бар. Әр трансформатор иесі жарықты ойына келген бағамен сатады. 1 кВт құны 28 теңге мен 47 теңге аралығында. Халық қит етсе,   жарықты өшірем деп қоқаңдайды.

Жоғарыда айтылғандар негізінде еріксіз төмендегідей сұрақтар туындайды: Неліктен, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатқа бақылау жүргізілмейді?

Жеке меншік иелері трансформаторға техникалық шарттарды, инженерлік желілерді жүргізуге қалай рұқсат алған?

Желілер заңдылығын кім тексереді?

Электр қуатына қосылу құны 350000 теңгеден 700000 теңгеге дейін және одан жоғары екен. Неліктен жергілікті электр нарығы және негізделген шығындар мен кірістер пайызы тексерілмейді, электр нарығы бақыланбайды?

Бұл электр қуатын ұрлау, жатып ішер делдалдық емес пе? Кейбір жеке меншік иелері заңнан жалтарып, ауылда тұтынушы кооперативін ашып, жарық сатуда.      Бұны қалай түсінуге болады ?

Енді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер  тұтынушы кооперативін құрып алып, баяғы әдетіне салады. Онда кімге арнап жазылғаны түсініксіз заңның не қажеті бар?

Сіз осы мәселені өз бақылауыңызға алып,  шешіп беруге дайынсыз ба?