Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кемертоғандағы кездесу

Депутат Данияр Қасқарауов Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылының әлеуметтік проблемасын жарты жылдан бері көтеріп келеді. Бос сөз болмасын деп кеше аудан әкімдігінде үлкен жиын өтті. Оған депутаттар, облыс әкімінің орынбасары, жауапты мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиында халықтың көкейінде жүрген 14 мәселе белгіленді. Ол жол, су, жарық, интернет, мектеп, баспаналарды заңдастыру сияқты күрделі мәселелер. Қазір бұл шаруа басталып, сең қозғалды. Жылдар бойы қордаланған проблеманы толық шешуге екі жылдай уақыт керек. Уәкелетті органдар өздеріне жүктелген жұмысты сөзбұйдаға салмай шешуге уәде берді. Аудан басшылары да 40 мың халық тұратын ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салуы тиіс. Ал жарыққа жауапты органдар жекенің қолындағы 160-тан астам подстанцияларды тексеріп шықпақшы. Тариф бағасы да бақылауда болады. Жекенің қолындағы көшелер мен заңсыз сатылған жер телімдерін депутат  Бақытжан Базарбек өз бақылауына алатын болды. Ал, депутат Данияр Қасқарауов пен Анас Баққожаев жұмыстың жүйелі жүруін, орындалуын қадағалайды. Бір сөзбен айтқанда жұдырықтай жұмылып тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға уағдаласты. Іс оңды болсын!