Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитет отырысы

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын комитет отырысында қаралды. Аталған келісім ауа мен судың ластануын алдын алу мен бақылау, тұрмыстық қатты және қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау, шекара маңындағы ақбөкен, қарақұйрық, арқар және т.б. жануарлардың көші-қоны, Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін бірлескен іс-шараларды әзірлеу және басқа да қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Бұл екі елдің арасында экология саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін келісім болғандықтан, комитет мүшелері заң жобасының қорытындысына бір ауыздан қолдау көрсетті.