Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитет отырысы

Бүгін «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын комитеттің отырысында қарадық. Бұл шартқа 2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойған екен. Заң жобасы екі ел арасындағы бас бостандығынан айырылып сотталған адамдарды өздерінің мемлекетінде жазаларын өтеуге мүмкіндік береді. Яғни, сотталған адамдардарды  беру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды реттейді.

Қазақстан осы уақытқа дейін 23 елмен осындай шарттар жасасқан. Алдағы уақытта  Египет, Перу, Қатар және басқа да бірқатар елдермен осындай шарттар жасауды қарастыруда. Қазіргі уақытта Вьетнамда сотталған қазақстандықтар, сол сияқты Қазақстанда сотталған вьетнамдықтар жоқ екені бізді қуантады. Сонда дағы, ел болып араласқандықтан, бұл шартты ратификациялаған дұрыс деп санап, комитет мүшелері бір ауыздан қорытындыны қолдады.

Сегодня на заседании комитета мы рассмотрели проект Закона РК «О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Социалистической Республикой Вьетнам о передаче осужденных лиц». Данный договор подписан в городе Ханой 21 августа 2023 года. Законопроект позволит лицам, осужденным к лишению свободы между двумя странами, отбывать наказания в своем государстве. То есть регулирует отношения по вопросам выдачи осужденных.

Казахстан на сегодняшний день заключил аналогичные договоры с 23 странами. В ближайшее время планируется заключить аналогичные договоры с Египтом, Перу, Катаром и рядом других стран. Нас радует, что в настоящее время во Вьетнаме нет осужденных казахстанцев, как и в Казахстане нет осужденных вьетнамцев. Тогда члены комитета единогласно поддержали заключение, посчитав целесообразным ратифицировать этот договор.