Қырықбаев
Темір
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысы

Құрметті әріптестер!

1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2023 жылғы 17 мамырда Сианьда қол қойылды.

Хаттаманың мақсаттары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Хаттамада сот органдарының Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі тараптың құзыретті мекемелерін өзектілендіру көзделеді.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептеймін.