МАГЕРРАМОВ
Магеррам
Мамедович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитеті делегациясының мүшелерімен кездесу

Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитеті делегациясының мүшелерімен кездесу


Астана, 2023 жылғы 22 тамыз, Мәжіліс Үйі


Палата Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған мәжілісмендер Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитеті делегациясының мүшелерімен кездесті.


Биыл Қазақстан мен Еуропалық одақ дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде. Айгүл Құспан өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, осы уақыт ішінде біздің еліміз ЕО-ның барлық институттарымен, оның ішінде Еуропарламентпен тығыз байланыс орнатты. - Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біздің стратегиялық серіктестігіміз практикалық сипатқа ие болады, - деп атап өтті бейінді комитет басшысы.


Дэвид Макаллистер Еуропарламент делегациясы Қазақстанға, оның ішінде Орталық Азия бойынша баяндама-қарар дайындау үшін келгенін хабарлады. -Біз Президент Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды құптаймыз. Оларды әрі қарай жүзеге асыру маңызды. Біздің ойымызша, Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Конституциялық реформалар сіздің еліңіздегі Парламенттің ықпалын күшейтті", - деп атап өтті Дэвид Макаллистер.


Еуропалық парламент сонымен қатар Еуропалық одақтың тиісті құжаттары рухында Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесуге ниетті.


Келіссөздерге Мәжіліс депутаттары Мағеррам Мағеррамов, Айдос Сарым, Анас Баққожаев, Марат Башимов, Таңсәуле Серіков қатысты. Еуропарламент делегациясының құрамына Германия, Греция, Литва, Румыния, Словения және Хорватия өкілдері кірді. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар партияаралық және фракцияаралық байланыстарды кеңейту туралы уағдаласты.