МАГЕРРАМОВ
Магеррам
Мамедович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарды, сондай-ақ мүгедек адамдардың қамқоршыларын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектер санатына қосуға қатысты 21.06.2023 ж. №ДЗ-248 депутаттық сауалға жауап

Депутаттарға
Парламент Мәжілісінің
Қазақстан Республикасының
(тізім бойынша)

2023 жылғы 21 маусымдағы № ДЗ-248

Құрметті депутаттар!


Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қамқоршыларын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған және пысықтау жөніндегі міндеттен босатылатын түлектер санатына қосуға қатысты Сіздің депутаттық сұрау салуыңызға мынаны хабарлаймын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасаған[1] "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) шеңберінде "білім туралы" Заңға (47-баптың 17-2) тармақшасы) азаматтардың жекелеген санаттарын пысықтаудан босату туралы нормалармен толықтырулар көзделген мынадай мазмұндағы:

"5) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы күтуді жүзеге асыратын адамдар;

6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын отбасы мүшесіне, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасы бойынша бөгде адамның көмегіне мұқтаж зейнеткерге, сондай-ақ күтім бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ала отырып, сексен жасқа толған қартқа күтім жасауды жүзеге асыратын адамдар.».

Көрсетілген түзетулер бойынша ұстаным Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне ұсынылатын болады.

Ә. Смайылов



[1] ҚР ПМ 29.06.2023 ж. №7-5-794 хатымен