Наумова
Динара
Рустамқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ДИАЛОГЫ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2023 жылғы 4 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наумова Динара Рустамқызы Астанадағы БҰҰ ұйымдастыруымен өткен Орта Азия елдерінің әйелдер диалогының «Аймақтағы гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеуде» атты халықаралық конференциясына қатысты.

Талқылауға Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Диалог алаңында инновациялар мен технологияларды дамыту, жаһандық аспектіде бейбітшілік пен қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте әйелдер мен жастардың рөлі және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.

Image title