Наумова
Динара
Рустамқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Мәжіліс депутаты НАУМОВА Динара Рустамовна Женевада Парламентаралық одақтың кезекті 148-ші Ассамблеясының отырысына қатысты.

2024ж. 23-27 наурыз аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің делегациясы Швейцария Конфедерациясындағы Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясының жұмысына қатысты.

Женевадағы ПАА Ассамблеясының жұмысына Парламентаралық одаққа мүше 150 елдің делегаттары қатысты. Депутат Д. Наумова негізгі сессиядан басқа тұрақты комиссияларда жұмыс істеді, Азия Парламенттік Ассамблеясының үйлестіру отырысына, панельдік пікірталастарға, сондай-ақ әйелдер парламентшілері мен жас депутаттар форумдарына қатысты.

Кездесу соңында тараптар қазақстандық азаматтар үшін Шенген аймағының визалық режимін оңайлату және Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы меморандум жасасу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Парламентаралық одақ – 1889 жылы құрылған ең ірі халықаралық парламенттік ұйым. ПАО құрамына 180 мемлекеттің парламенттері кіреді. Қазақстан ПАА-ға 1993 жылдан бері мүше.

ПАО парламенттік дипломатияны дамытады және парламенттер мен парламентшілерге бүкіл әлемде бейбіт саясатты, демократияны және тұрақты дамуды ілгерілету үшін өкілеттік береді.

Image title