Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін Ұлттық музейде «Қазақ даласындағы Оғыз тарихи мұрасы» атты фотокөрменің тұсаукесері өтті. Шараға қатысып, қызыл лентасын кестім.

Ортағасырлық қазақ даласы – түркі халықтарының алғашқы мемлекеттері бой көтерген, жалпы адамзат тарихына ортақ өркениеттердің ошағы.

Фотокөрмеге қойылған оғыз тарихи ескерткіштерінің фото суреттерін тану арқылы біз тарихтың терең қойнауларына сүңгіп, ұлттық сананы серпілтуде бірқатар рухани жетістіктерге қол жеткіземіз.