Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесінің Президиумы биылғы жылдың 6 қазанында партияның құрылтайын шақыру туралы шешім қабылдады

    «Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесінің Президиумы биылғы жылдың 6 қазанында партияның құрылтайын шақыру туралы шешім қабылдады. Жиын барысында партия төрағасы А.Перуашев, төраға орынбасарлары Қ.Иса, А.Әбілдаев, М.Қазбекова, Б.Дүйсембинов, Ұлттық кеңес хатшылары Б.Момышев, А.Нұрқалиев сөз сөйледі.

    Сонымен қатар, 5 қазанда партия Ұлттық кеңесінің Пленумын өткізіп, құрылтайдың күн тәртібі бойынша ұсыныстарын талқылау жоспарланды.

    Партияның орталық аппаратына облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы «Ақ жол» ҚДП филиалдарынан құрылтайға делегаттардың өкілдік ету нормасы бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Аталған филиалдар бір апта ішінде облыстық/қалалық конференциялар өткізіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының президенттік сайлауға қатысуы туралы шешім қабылданатын алдағы құрылтайға делегаттарын сайлауы керек.