Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ақ жол» демпартиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Президенттің конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі заңдарға қол қоюын құптады

    Бүгін өткен «Ақ жол» демпартиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Президенттің конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі заңдарға қол қоюын құптады. Бұл заңдардың маңыздылығын айта отырып, Пленумға қатысушылар бұл заңдардың қабылдануы Қазақстанның саяси жүйені одан әрі демократияландыруға деген берік ұмтылысын айғақтайтынын атап өтті. Талқылау барысында сөз алған Ұлттық кеңес мүшелері атап өткендей, Демократиялық партия мен оның парламенттік фракциясы аталған заңдарды әзірлеуге белсенді атсалысты және елдегі демократиялық реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға одан әрі көмек көрсетуге дайын.