Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азат Перуашев Торғай облысын қалпына келтіруді ұсынды

Арқалық өңірі халқының сұрауы бойынша Торғай облысын қалпына келтіру керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.

Атап өту керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын айтқан болатын.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Азат Перуашев Мемлекет басшысының бұл игі бастамасын қолдай келе, Арқалық өңірі тұрғындарының сұрауы бойынша бұрынғы Торғай облысын қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыруды ұсынды.