Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ақ жол» депутаттары қаңтар оқиғасына қатысты қамауда отырған азаматтардың ата аналары мен туыстарын қабылдады

Бүгін қаңтар оқиғасына қатысты қамауда отырған азаматтардың ата аналары мен туыстары Қазақстанның әр түпкірінен Астана қаласына жиналды.

Екі күн бойы не жоғарғы соттың, не бас прокурордың қабылдауына кіре алмаған азаматтар жан айқайын жеткізуге «Ақ жол» партиясының фракция депутаттарына хабарласты.

Өздеріңізге белгілі, «Ақ жол» партиясы қаңтар оқиғасының алғашқы күнінен ақ жағдайды жіті қадағалап, сол оқиғада байқаусызда, көпшілікке ілесіп кеткен жастарға араша түскен болатын.

Бүгін де фракция депутаттары Серік Ерубаев, Мақсат Раманқұлов, Берік Сәлімжанұлы алыстан келген өкілдермен «Ақ жол» партиясының кеңсесінде, Мәжіліс қабырғасында кездесу өткізді.

Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан келген 50 ден аса азаматтардың шағымы тағы да тергеу амалдарының әділетсіздігіне, тергеушілердің адам тағдырына ат үсті қарауына байланысты болды.

Мысалы, Алматы қаласында оққа ұшып қайтыс болған Байқадамов Бақыткелдінің әкесі Мұханбет ұлының адал атын ақтап алу үшін талай табалдырық тоздырған.

Осы сияқты шағымдардың барлығы қабылданып, жүйеленіп, Бас прокурорға сұрақ ретінде жіберіледі.