Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Алау берген “Ақ жолға” алғысымыз зор

2020 жылы "Келестік" ардагерлер «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевқа «Біртілек» селолық округіне газ құбыры жүргізілсе деген тілегін жеткізген болатын.

Осы мәселе бойынша «Ақ жол» партиясының депутаттары 2020 жылдың 16 қарашасында ақысы төленсе де Түркістан облысының ауылдары мен мектептеріне көгілдір отынның жетпегені туралы депуттаттық сауал жолдады.

Ас-суын отын жағып әзірлеп, үйін көмірмен жылытып отырған «Біртілек» ауылының тұрғындары бүгінде «ақжолдықтардың» бастамасымен табиғи газға қолдары жетіп отыр.

Оңтүстік өңірге іс-сапармен барған халық қалаулылары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Келес ауданының қарияларымен тағы кездесті.

Кездесуде аудан халқы күрмеуі шешілмеген бірнеше проблеманы көтерді. Тұрғындардың айтуынша округ көшелерін жарықтандыру мәселесі шешілмеген.

- Жерді тыңайту үшін қолданылатын силитраның бір қабы 15 000 теңге тұрады. Егістіктен мол өнім алу үшін осы тыңайтқышты қолданамыз. Шығын шаш етектен асады. Алқаптан жинайтын өнімді арзан бағада сата алмай отырмыз, - дейді дихандар.

Сонымен бірге, Өзбекстаннан келетін ағын суға да егіншілер қол жеткізе алмай отыр. Елді мекенде құрғақшылықтың салдарынан, егістік тұралап тұрғанын да жеткізді.

Ауыл тұрғындары айтқан мәселелер:

- Осы мәселер де халықтың талабына қарай шешілсе, құба-құп болар еді, - дейді «келестіктер».