Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметттің доғарысқа кетуіне байланысты Азат Перуашевтың пікірі

 

Публикации06.02.2024

Үкіметттің доғарысқа кетуіне байланысты Азат Перуашевтың пікірі

https://t.me/peruash/10793

Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты - бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес, депутаттар, сарапшылар мен журналистер де мұны талайдан бері болжап келеді. Мәселе тек мерзімде еді, - бір апта бұрын, бір апта кешірек. Алайда, президент ауқымды экономикалық бағдарламасымен сөз сөйлейді дер күтіліп отырған 7 ақпанға қойылған үкімет отырысы бұл отставканың ақылға қонымды етті: тапсырмалар оны орындайтындарға беріледі. Ал, қазіргі министрлер кабинетінің өкілеттігін жарты жылға болсын созу, президенттің алға қойылған бастамаларына қауіп төндірумен пара-пар.

Бұрыңғы құрамда өз жұмысын жауапкершілікпен орындаған білікті мамандардың аз болмағанын ескергеннің өзінде бұл үкімет 2009-2010 жылдардан бастап тапталып біткен ескі сүрлеуден шыға алмай қойды.

Бұл экономиканы басқарудағы жетіспеушіліктерді (бюджеттің өзінде де) Ұлттық қордың қаржысымен не қарыздың артуымен жаба беретін «момын» тәжірибе. Бастапқыда бұл дағдарыспен күрес аясында жасалды - кейіннен қалыпты жағдайға айналып кетті (қазір де солай). Мұндай формат анық сәтсіздіктерді жасырып, бастаманың жоқытығы мен кабминнің селқостығына алып келді. 

Бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы сұмдық сандарға жетті, салық төлеушілер мен экономиканың шынайы секторының жағдайы екінші сатыға ысырылды. Қараша айында бюджет бойынша баяндама жасаған «Ақ жол» фракциясы мемлекеттік аппарат шығындары 10%, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру 17% артып, ал, шынайы секторды қаржыландыру 19% қысқарғанын айтқан еді. Соңғы жылдарда әлеуметтік қорғауды күшейиуге қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылданды: дәрігерлер мен мұғалімдердің айлығын көтеру, ең төменгі жалақыны, зейнетақы мен шәкіртақыны арттыру. Бірнеше күн бұрын «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы қосылды, жеке-жеке аз көлемде түскенмен, мәселе миллиардтаған сомалар туралы. Дегенмен, үкімет бұл әлеуметтік міндеттемелерді экономиканың өз табысымен жабуға қауқарсыз болып шықты. Ол бюджеттің кірістілік бөлігін кеңейтіп, салық салынатын базаны арттыра алмады.

Экономика әрқилы, қайшылықты векторлар түсті.

Өзінің стратегиялық, әлеуметтік, сыртқы саяси мәселелермен жүктелгеніне қарамастан былтырғы жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында президент  үкіметке мемлекеттік экономикалық саясаттың парадигмасын өзгертуді бекер тапсырмаған. Ол банктік-шикізаттық экономикадан өндірістік экономикаға көшуді тікелей тапсырған болатын. «Ақ жол» фракциясы бұл бастаманы сөзсіз қолдап, «Тоқаевтың әділ экономикасы» атты мақаламда мен «Президент Қасым -Жомарт Тоқаев ұлттық экономикаға қатысты барлық жоспарларымен бөліспеген секілді, біразын алдағы уақытқа, Үкімет пен Парламенттің өз жұмысына қалдырған секілді» деп жазған едім (https://akzhol.kz/kk/blog/dlett-konomikaa-a-zhol).

Өкінішке қарай, Министрлер кабинеті өз бетінше жұмыс істей алмады.

Біздің ойымызша, мемлекеттік басқаруда тек экспортқа ғана емес, технологиялық салаларға, шағын және орта бизнеске, ішкі қажеттіліктерге бағытталған салаларға әлі де көңіл бөлмейді. Министрлер экспортқа бағытталған қызметке тым ауып, ішкі нарықты (халыққа арналған тауарлармен ғана емес, сонымен қатар жабдықтармен, материалдармен, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың инфрақұрылымымен) толтыру екінші сатыда қалды. Демек, инфляция, жұмыс орындарының жетіспеушілігі және жиі орын алып жатқан төтенше жағдайлар да осыдан. Мен бұл туралы «кенеттен» айтып отырған жоқпын, 1 қарашадағы бюджетті талқылау кезіндегі өз сөзімді келтіріп отырмын: «Үкімет Ұлттық қордың қаржысына қол сұғып, елді қарызға батыру шенеуніктердің жаман әдетіне айналған 30 жылдық ескі сүрлеумен сырғып барады. Бірақ жеке пайыздарды емес, негізгі тәсілдерді өзгерту керек» (https://akzhol.kz/kk/blog/2024-26-zhldara-arnalan-biudzhet-zhobas-bojnsha-a-zhol-frakciiasn-stanm).

Банктердің кірістері мен экономиканың шикізат секторы сияқты орасан зор ресурстар пайдаланылмаған күйінде қалып отыр.

Президент өз жолдауларында екі рет жаңа Салық кодексін әзірлеуді тапсырды, онда негізгі шешімдердің бірі сараланған салық ставкаларын енгізу болуы тиіс еді, яғни, технологиялық және басым секторларға (мысалы, әлеуметтік маңызы бар өнімдер өндірісі) жүктемені азайта отырып, қаржы секторына, банктерге, шикізат компанияларына салық жүктемесін ұлғайту. Естеріңізге сала кетейін, банктерге қосымша құн салығы салынбайды және олар басқа бизнес сияқты корпоративтік табыс сылығын төлейді. Ал табиғи ресурстарымызды сыртқа шығаратын шикізат компанияларына бюджеттен қосымша құн салығы қайтарылады. Бұл бүкіл елге зиянын тигізіп жатқан бұрмаланған экономикалық саясат екені анық.

Жаңа Салық кодексі әлі де әзірленбеген, оның тәсілдері қазірдің өзінде бизнес пен «Ақ жол» фракциясы депутаттарының өткір сынына ұшырады.

Сондықтан, отставкаға кетудің басты себебі – министрлер кабинетінің бұрынғы шеңберден шыға алмай, бұрынғы барлық үкіметтер сияқты жұмысын жалғастыруы деп есептеймін. Бірақ үнемі біркелкі әрекеттер жасап, өзгеше нәтиже күткен қиын.

Қайталап айтамын, министрлер мен вице-министрлер арасында ақылды, талантты, бірақ саяси батылдық, өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы немесе құлшынысы жетіспейтін адамдар көп. Әлихан Бөкейхан айтпақшы, «Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден».

Қаңтар оқиғасынан кейін бірден бизнес өкілдерімен кездесуде президент үкіметтің экономикалық блогында ойланудың жоқтығын атап өтті. Кейін кәсіпкерлік кодексті талқылағанда бұл сөздерді өзгертіп, шенеуніктердің ойы мен идеясы ғана емес, рухы да кемшін деген мағынада айтқан едім. (https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashevt-2022-zhld-25-mamrnda-mzhlst-plenarl-otrsnda-sal-kodeksndeg-zgersterd-tallau-barsnda-sz).

Менің ойымша, үкіметке тар шеңберден шығып, стандартты емес шешімдер қабылдаудан қорықпау үшін шын мәнінде үлкен ерік-жігер қажет.

Онсыз уақытты зая кетіріп, ресурстарды ысырап ететін экономиканың әдеттегі аясын өзгерту мүмкін емес.

Осыған байланысты министрлер кабинетінің жаңа құрамы ғана емес, ең алдымен президент оған қандай міндеттер қоятыны және оған қандай әрекет еркіндігі (демек, жауапкершілік дәрежесі де) берілетіні маңызды болмақ. Мұның барлығы 7 ақпанда белгілі болады.